« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сыр өңіріне жұмыс сапары кезінде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары, полковник Талғат Нұрмағамбетов облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегі жедел кеңеске жетекшілік етті. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов, департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов, департамент пен оған қарасты мекеме, бөлімшелердің басшы құрамы қатысты.
Департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешев баяндағандай, былтыр оқыс оқиға көбейсе де, одан зардап шеккендер саны 3,4%-ке азайған. Ал қаза тапқандар саны 37,3%-ке кеміді. Айтып келмейтін апаттардан 37 адам көз жұмса, соның 8-і – бала. Материалдық шығын көлемі 34,7 млн теңге немесе салыстырмалы түрде 6,9%-ке төмен. Өрт оқиғалары 7 адамның өмірін жалмаса, 12 адамның денсаулығына зиян тигізді. 26 адам суға кеткен. Өткен жылы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар қабылданды. Одан бөлек, басшылық құрам өкілдері атқарылған жұмыстар жөнінде айтып, алдағы міндеттерді нақтылады.
Комитет төрағасының орынбасары Т.Нұрмағамбетов Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталып, оларды орындаудағы қызметкерлердің жауапкершілігін атап көрсетті. Сондай-ақ, ұжымға әскери тәртіпті сақтауды, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді, халықтың азаматтық қорғау органдарына сенімін жоғарылатуды жүктеді.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |