Қазақ түйені киелі жануарлардың қатарына жатқызады. Мұхаммед пайғамбардың түйемен жүргені белгілі. Сондай-ақ, желмаясына мініп жер шарлаған Асан қайғы да жерұйықты түйемен іздеген. Суретшілер сар даланы қобызымен күңіренткен Қорқыт бабаның суретін салғанда да түйені қоса бейнелейді. Мұның барлығы Ойсылқара тұқымының қасиетті екенін ұқтырса керек.
Әлеумет
16 қыркүйек 2017 г.
1 147
0
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесіне біршама өзгерістер енгізілген болатын. Осыған орай ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта ұйымдастырылды.
ҚОҒАМ
16 қыркүйек 2017 г.
1 695
0
Газет тігінділерін парақтап отырып, өзім ұйымдастырған «Табиғат дауысы» (Голос природы) газетінің ең бірінші саны (05.06.2001ж.) қолыма түсті. Басылымның бұл қадамы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі мен облыс әкімінің сәттілік тілеген құттықтауларымен ашылып, «Ер есімі – ел есінде» дегендей, «Ол ерекше жан еді» тақырыбымен берілген ең алғашқы мақалада:
ТАҒЫЛЫМ
16 қыркүйек 2017 г.
899
0
Толқыны жағалауды ұрған теңіз беткейіндегі балықшы қауымның берекелі тірлігін көргенде кешегі қиындықтың артта қалғанын байқаймыз. Тұрмысы түзеліп, қазаны қайнаған аймақтың ажар-көркі жылдар жылжыған сайын айшықтала түсуде. Әрі мұндай көріністі шалғай елді мекендерден де аңғаруға болады. Мәселен, Қаратерең ауылы – аудан орталығынан шалғай орналасқан қоныстардың бірі.
Әлеумет
16 қыркүйек 2017 г.
973
0
Еңбек жасындағы кезеңінде ерінбей еңбек еткен аға буын өкілдері «зейнетке шықтық, жасымыз келді» деп жантайып жатқан жоқ, әлі де белсенді әрекет үстінде. Облысымыздағы әрбір мекеме мен кәсіпорында, елді мекендер мен ауылдарда ардагерлер ұйымы өз жұмысын ұтымды жалғастырып келеді. Міне, өткен аптаның сәрсенбісінде Шиелі ауданында облыстық ардагерлер кеңесінің “Ардагерлер тәлімі – рухани жаңғыруымыздың қайнар көзі” атты семинары жоғары деңгейде өткізілді.
Әлеумет
16 қыркүйек 2017 г.
1 113
0
Облысымызда жылыжай арқылы көкөністің түр-түрінен ерте өнім өндіру жолға қойылды деп айтуға болады. Осы шаруаны ерте бастағандардың бірі – Қаратөбе ауылдық округіндегі «Серікбай» шаруа қожалығы. Мұнда 0,36 және 0,20 гектар көлемдегі екі жылыжай іске қосылған. Қабырғасы пластик материал, ал төбесі шынымен жабылған. Қажет кезінде пленка да пайдаланылады.
Әлеумет
16 қыркүйек 2017 г.
962
0
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ елінің болашағына бағытталған біршама жаңа міндеттер айқындалған. Әсіресе, жас ұрпақтың бүгінгі заман талабына сай ғылым мен технологияның жаңалықтарын еркін игеруіне қажетті жағдайлар қарастырылған. Білімнің салтанат құруына баса мән берілген. Сол міндеттердің бірі – қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесін, тиісінше жаңа әліпби негізінде орта мектептерге оқулықтар дайындау қажеттігін атап көрсеткен болатын.
ҚОҒАМ
16 қыркүйек 2017 г.
608
0
Қаламыздағы «Достық үйінде» облыстық ассамблея жанындағы аналар кеңесінің жиыны өтті. Онда латын әліпбиіне байланысты әңгіме өрбіп, сырбойылық аналар қауымы Елбасы саясатын қолдайтындықтарын жеткізді. Сонымен қатар, латын әліпбиі білім көкжиегін кеңейте түсетінін тілге тиек етті
ҚОҒАМ
16 қыркүйек 2017 г.
787
0
Дүние жүзіндегі ең алғаш жердің жасанды серігі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылғаны белгілі. Бұл ғаламдық жаңалыққа биыл 60 жыл толып отыр. Осыған орай ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жұлдызды қалаға баспасөз-турын ұйымдастырды. Сапар барысында айлақта жүзеге асатын ауқымды шаралармен танысып, кешен жөніндегі көкейдегі сұрақтарға жауап тапқандай болдық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 қыркүйек 2017 г.
1 121
0
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс тұрғындары арасында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттайтын ақпараттық топ мүшелері баспасөз мәслихатын өткізді.
ҚОҒАМ
16 қыркүйек 2017 г.
712
0