ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ САЙ БАСТАМА

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ елінің болашағына бағытталған біршама жаңа міндеттер айқындалған. Әсіресе, жас ұрпақтың бүгінгі заман талабына сай ғылым мен технологияның жаңалықтарын еркін игеруіне қажетті жағдайлар қарастырылған. Білімнің салтанат құруына баса мән берілген. Сол міндеттердің бірі – қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесін, тиісінше жаңа әліпби негізінде орта мектептерге оқулықтар дайындау қажеттігін атап көрсеткен болатын.
Бұл тарихи таңдаудың өркениетке қарышты қадам басқан еліміздің келешегі үшін маңызы ерекше. Ең басты мақсат – жаһандық даму сатысында еліміздің ғылыми технологиялық және ақпарат кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырып, әлем елдерімен рухани қарым-қатынас аясын ұлғайту. Жаңа өмір талабына сай  байыпты бастама.
Қазіргі таңда латын графикасы ғылым мен технологияда кең қолданысқа ие болып отырғандықтан, оны пайдаланудың тиімділігі орасан зор. Әрине, алғашқыда қиындықтар туындайтыны заңды. Дегенмен, бұл уақыт талқысынан өтіп, сарапталған сындарлы шешім.

Әлия ДОСМАХАНОВА,
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі директорының орынбасары.
ҚОҒАМ 16 қыркүйек 2017 г. 590 0