Судьялар мен сот қызметкерлерінің спартакиадасы өтті

Судьялар мен сот қызметкерлерінің спартакиадасы өтті

 Қызылорда облыстық соты және Қазақстан Судьялар Одағы Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституция мерекесі қарсаңында облыстың судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сейхун» спорт кешенінде спартакиада өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 тамыз 2017 г. 545 0
ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖЕТІСТІККЕ БАСТАЙДЫ

ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖЕТІСТІККЕ БАСТАЙДЫ

Өткен сенбіде облыс әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданында республикалық және аймақтық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Шырайлы Шиелінің кезінде ауыл шаруашылығындағы озық нәтижелерімен республикаға атағы жайылса, енді заман талабына сай өндірістік, индустриялық жобаларды жүзеге асыруы­­мен көзге түсуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 тамыз 2017 г. 950 0
ҰСТАЗДАР – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ БАСТЫ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі

ҰСТАЗДАР – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ БАСТЫ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі

Қадірлі ұстаздар!Тамыз кеңесінің құрметті қонақтары!Баршаңызды алдымызда келе жатқан Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!Бұл күн – алтын ұясына сағына ұмтылып, шұр­қыраса табысатын шәкірттердің ғана емес, білім мен тәрбиені кие тұтқан абзал ата-аналар мен ұлағатты ұстаздардың да мерейлі мерекесі.Жаңа оқу жылының қарсаңында жыл сайын жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің көкейтесті мәселелерін ортаға салып, еркін ой бөлісу – біздің игі дәстүріміз. “Тамыз кеңесі” деген атқа ие болған осы алқалы жиында өткенімізге ой жіберіп, келешекке бағдар түзуді әдетке айналдырғанбыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 тамыз 2017 г. 1 771 0
Облыс әкімінің құттықтауы

Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті қызылордалықтар!Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ­«Конституция – бүкіл халық­тың ерік-жігері. Негізгі Заңның арқасында біз тарихи дәуірлер кезеңін сенімділікпен еңсердік» деді. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 тамыз 2017 г. 1 178 0

ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ

2017 жылғы 2 қыркүйекте Жалағаш, Сырдария ауданы әкімдіктері­нің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі төменде көрсетілген орындарда өткізіледі. Басталуы сағат 09.00.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 тамыз 2017 г. 366 0
ШУАҚТЫ МЕЗГІЛДІҢ МӨЛДІР ШЫҒЫНДАЙ

ШУАҚТЫ МЕЗГІЛДІҢ МӨЛДІР ШЫҒЫНДАЙ

Сыр елі – сүлейлердің бесігі. «Сырға барып жыршымын деме» дейтін сөздің астары соны айғақтап тұр. Тәңіршілдік пен Ұмай анаға бас иген түркі өркениетінде «сүлей» сөзі «соғыс құдайы» деген мағына береді екен. Қобыз бен домбыраның құдіреті бұл атауды «өнер құдайы» деген мәнге ауыстырған. Шынында қара бұлтты көшіріп, жаңбыр төктірген қобыз үнінің қасында мылтықтың дауысы ешкімді селт еткізбес еді. Ал, ұлының қазасы үстінде көзін қан қаптаған Шыңғысханға жан адамның дәті жетпеген жаманатты сайрап тұрып жеткізген домбыраның алдындағы қарудың қауқары қайсы?!
ТАҒЫЛЫМ 29 тамыз 2017 г. 2 584 0

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІН ӘРКІМ СЕЗІНУІ ТИІС

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен облыс әкімдігі аппаратының кезекті мәжілісі өтіп, онда бірнеше маңызды мәселе қаралды.Алғашқы талқыланған жер қойнауын пайдалануға қатысты облыстық ин­дус­триялық-инновациялық даму басқар­масының басшысы Ринат Сұлтангереев хабарлама жасады. Оның атап өткеніндей, 2017 жылдың  8 айында облыс аумағында жер қойнауын  барлау және пайдалы қазбалар алу жөнінде 87 келісім жасалып, 75 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Олардың басым көпшілігі Сырдария, Жаңақорған, Арал және Шиелі аудандарында жұмыс атқарады. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі комиссия  отырыстарында 16 өтініш қаралған. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде 16 арыз жұмыс тобы отырыстарында қаралды. Минералдық-шикізат базасын кеңейту және жаңа кен орындарын игеру мақсатында 11 жаңа келісім-шарт жасалып, олардың шарттарының орындалуына мониторинг жүргізілген.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 тамыз 2017 г. 400 0
PDF 28 тамыз 2017 г. 601 0
БІЛІМ САЛТАНАТЫ

БІЛІМ САЛТАНАТЫ

Бүгін Қызылордада «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбында облыстық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мариямкүл Мұқатаева, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім беру бағдарламалары орталығының директоры Жанар Әбділдина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, сала қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 тамыз 2017 г. 1 886 0
БАЛАБАҚША КӨЛІГІ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

БАЛАБАҚША КӨЛІГІ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде апатқа ұшыраған балабақша көлігіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Ермек Құдайбергенов және облыстық медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары Нұриддин Амитов қатысып, қайғылы оқиғаның жай-жапсарын айтып берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 тамыз 2017 г. 2 137 0