Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті қызылордалықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ­«Конституция – бүкіл халық­тың ерік-жігері. Негізгі Заңның арқасында біз тарихи дәуірлер кезеңін сенімділікпен еңсердік» деді. 

Ата Заң біздің барлық жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. ­Конституция мызғы­мас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіладамзаттық құнды­лықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Конституцияны бас­шы­лыққа ала отырып, біз тәуелсіздігіміз бен мем­лекеттігімізді нығайту ­жолында ғасырлық мәні бар ауқымды істер атқардық.

Қызылорда облысы ел экономикасының дамуына зор үлес қосып келе жатқанын ерекше мақтанышпен айта аламыз. Жуырда «ЭКСПО-2017» халық­аралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанада Қызылорда облысының мәдени күндері сәтті аталып өтті. Елбасы, Елорда тұрғындары мен қала қонақ­тары Сыр өңірінің тарихы мен шежіресіне, мәдениеті мен өнеріне қанық болды.

Құрметті жерлестер!

Біз мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтап, тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашы­ғындай сақтауға міндеттіміз. Ұлан-ғайыр байтақ даланы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған батыр бабаларымыздың асқақ аманатына адал болуымыз керек.   

 Отбасыларыңызға  бақ-береке, амандық және мол табыс тілеймін!

Құрметпен,

облыс әкімі

Қ.КӨШЕРБАЕВ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 тамыз 2017 г. 1 162 0