АНТҚА АДАЛ АҒА БАР

АНТҚА АДАЛ АҒА БАР

1991 жылы қыркүйекте, Кеңес өкіметінің құлдыраған шағында Оралда казактар бас көтерді. Олар ештеңеге қарамастан орыс билігіне қызмет еткеніне 400 жыл толуын кеңінен атап өткісі келді. Орталықтан шеткері, тыныш жатқан қала көшелерінде қатарынан үш күн сап түзеп жүрді. Өздері суық қаруланған. Алайда, казактар одағының бар ойы – автономия құру, Орал облысын саяси-құқықтық жолмен бөліп алу еді. Өйтпеген күнде қарулы күреске барудан да тайсалмайтын болып шықты. Қазақтың тұтастығына сызат түсірерлік оқиғаны сол кезде облыстың ұлттық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған Нұрахмет Ералы күні кешегідей еске алады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 1 044 0
КЕН БАРЛАП, КЕНІШ ТАПҚАНДАР

КЕН БАРЛАП, КЕНІШ ТАПҚАНДАР

Біздің облыста басқа өңірлермен салыстыр¬ғанда геологтар¬дың қауымдастығы бірлесе жақсы жұмыс істейтінін ерекше атап өтуге болады. Олардың қатарында жер қойнауынан тіршілік нәрі – суды, қара алтын –мұнайды, көгілдір отын – газды, атом өндірісінің өзегі – уранды және басқа да пайдалы қазба байлық түрлерін іздеу¬шілер топтасқан. Аймақтағы жер қойнауын барлаушыларда кәсіптік мерекесін бірлесіп өткізу дәс¬түрі қалыптасқан. Мейрам кезінде ардагер геологтарға сый-құрмет көрсетіліп, еңбегімен көзге түскендер марапаттарға ие болып жатады. Сонымен бірге, мекемелер өзара байланыстарын арттырып, тәжірибелерімен бөліседі. Жыл сайын осы саладағы бір компания кезегімен мерекелік шараны ұйымдастыруды міндетіне алады. Міне биылғы жылы бұл міндет «KAZPETROL GROUP» ЖШС еншісіне тиіп отыр. Сондықтан да осы компанияның бас геологы Александр Приваловпен кездескенімізде аталған компанияның саладағы атқарып жатқан жұмыстарына қанығуды мақсат тұттық. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 775 0
ТРАНЗИТТІК ТАСЫМАЛ КӨЛЕМІ  ҰЛҒАЯ ТҮСЕДІ

ТРАНЗИТТІК ТАСЫМАЛ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЯ ТҮСЕДІ

«Сыр бойы» газеті тілшісінің сауалдарына «Қазақстан теміржолы – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы Қызылорда бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев жауап береді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 1 055 0
ЭКСПО БИЛЕТТЕРІ РЕСЕЙДЕ САТЫЛУДА

ЭКСПО БИЛЕТТЕРІ РЕСЕЙДЕ САТЫЛУДА

Еліміздің өңірлері мен Ресей Федерациясының ірі қалаларында ЭКСПО-2017 халықаралық маман¬дандырылған көрмесіне билеттер сатыла бастады.  Өткен жылдың желтоқсан айында елордадағы «Керуен», «Хан Шатыр»,  «MEGA Park», «MEGA Центр Алматы» ойын-сауық орталықтарында және одан ертерек 15 «Меломан» сауда желісінде, сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ  981 бөлімшесінде ресми түрде билет сатыла бастаған еді. Ал ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанның барлық облыс орталықтарында 17 ресми билет сату кассалары ашылды. Айта кетейік, көрменің ашылуына тура бір жыл қалғанда – 2016 жылдың 10 маусымынан бастап билеттердің онлайн-сатылымы басталған болатын. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 419 0
Сыр халқының 80 пайызға жуығы ғаламторды қолданады

Сыр халқының 80 пайызға жуығы ғаламторды қолданады

Өткен жылы Қызылорда облысында компьютерді пайдаланушылар үлесі (6 жастан жоғары) жалпы халық санының 79,7%-ын құрады, - деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 571 0
Димаштың суреті Нью-Йорктың төрінен көрінді

Димаштың суреті Нью-Йорктың төрінен көрінді

Димаш Құдайбергеннің фотосы Нью-Йорк төрінен көрінді. Бұл туралы продюсер Алпамыс Шаримов желі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 578 0
МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ МАЗМҰНЫ әрбір тұрғынға жеткізіледі

МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ МАЗМҰНЫ әрбір тұрғынға жеткізіледі

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы – еліміздің тарихи белесіне бағыттаған баянды бас¬тама. Осы маңызды құжаттың бүге-шүгесін Сыр өңірінің әрбір азаматына, әрбір отбасына жете түсіндіру, жаңашыл қадамы туралы түсінік беру –  біздің басты міндеттеріміздің бірі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 697 0
PDF 29 наурыз 2017 г. 628 0
Сыр өңірі және СУЖИКОВ

Сыр өңірі және СУЖИКОВ

Қызылорда облысы құрылған 1938 жыл мен 1990 жылдар ­арасында облыстық партия ұйымының басшысы болып 17 хатшы жұмыс істеген екен. Олар Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып, ел мен халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына күш-жігерлерін жұмсады. Өйткені, олардың басты мұраты – халқының мүддесі, қызметі халқының қамы болды. Сондықтан облыс басшылығы берісі – облыс, әрісі респуб­ликаның саяси, әлеуметтік және экономика салаларына елеулі үлес қосқан бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлерінің атын облыс орталығындағы үш мектепке беру туралы жоғары жаққа ұсыныс жасап, ол лайықты қолдау тапқан еді. Соның дәлеліндей, Сужиков Мұхамедғали Әленұлының есімі қаладағы №6 мек­тепке берілетін болды. Бұл тірлікке ұйытқы болған ­облыс басшылығына Сужиковтер әулеті атынан шын ықыласты ризашылығымызды білдіреміз. Мұхамедғали Сужиков кім еді? Неге осы кезге дейін халық оған қызығушылық танытып отыр?
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2017 г. 1 147 0
Азаматтарға арналған үкімет дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты

Азаматтарға арналған үкімет дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосуда. Енді дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, кез келген көрсетілген орынға, үй немесе кеңсе болсын, курьер жеткізіп беретін болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2017 г. 510 0