Димаш Құдайбергеннің фотосы Нью-Йорк төрінен көрінді. Бұл туралы продюсер Алпамыс Шаримов желі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бұл фотошоп емес! Бұл әлемнің ең жарқын қалаларының бірі - Нью Йорк қаласы, Тайм Сквердегі ең үлкен басты лэд дисплей! 101 FM радио медиа орталығы танымал жұлдыздар арасында осы құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған болатын", - деп жазған продюсер.
А.Шаримов бұл жетістікке Димаштың жанкүйерлері атсалысқанын алға тартты.
"Қазақ баласының әлемдік жанкүйерлері, Dears-тың ықпалымен дауыс беру арқылы Американың төрінде Димаш Құдайбергеннің суреті миллиондарға жария болды! Түрлі ұлт өкілдері, Тайм Сквердің көпшілігі енді осынау басты экраннан Қазақ әншісін тани алады!", - деп жазған.