Суреткерлік – әлем өркениеті тарихындағы көркемөнер салаларындағы халық ықыласына ие болған туындылар жасаушылардың бағалану көрсеткіші. Адамзат тарихындағы рухани құндылықтар Жер планетасындағы миллиондаған, миллиардтаған адамдар бағалауларына ие болғаннан кейін кейінгі ғасырлардағы ұрпақтардың жаңа көзқарастары аясындағы эстетикалық қызметімен алдағы мәңгілік қозғалыстағы тіршілік әлемімен бірге жасайды. Әлем өркениетінің тарихындағы көркемөнер туындыларының ғасырлар бойы әрбір жаңа буын ұрпақтың қабылдау ықыласына ие болып, халықтың рухани сұранысына орай өзіндік мәртебелі көркемдік ықпалымен ерекшеленетіні анық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2017 г.
1 619
0
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Жиында алдымен кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы күн тәртібіне қойылды. Екінші кезекте 2016 жылғы қылмыстық құқық бұзушылықтың ахуалы және облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарының хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы тыңдалды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2017 г.
494
0
ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА ӨҢІРЛІК «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ 1.Жалпы ережелер 1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуге арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №148 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына сәйкес әзірленген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2017 г.
691
0
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығы бойынша бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында азаматтарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы сатып алу мен жалға берілетін баспаналар құрылысы жөнінде халыққа кеңінен ақпарат тарату мақсатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаев пен Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерлан Бердібаев баспасөз конференциясын берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2017 г.
795
0
Сыр елінің тәртіп сақшылары техникалық мүмкіндігін арттыру, қоғам тыныштығын сақтауды жедел атқару мақсатында арнайы көліктермен қамтамасыз етілді. Бейсенбі күнгі салтанатты шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ішкі істер органдарының жұмысына жоғары баға беріп, бірқатар қызметкерге қызметтік автокөлік кілтін табыс етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2017 г.
626
0
Орталық коммуникациялар қызметінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп беріп, алдағы уақытқа жоспарымен бөлісті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2017 г.
664
0
2017 жылғы 26 қаңтарда Қызылорда қаласының тұрғыны Арай мөлтек ауданы аумағындағы үйіне белгісіз біреулер кіріп, үйде ешкім жоқ екендігін пайдалана отырып, одан алтын, күміс бұйымдарын, «Asus» үлгісіндегі ноутбугын, Nokia маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткендігін хабарлаған. Нәтижесінде үй егелеріне 325 000 теңге көлемінде шығын келтірілген. Ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 23 жастағы азаматшасын ұстады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2017 г.
459
0
Облыс орталығындағы отбасы үлгісіндегі "Атамекен” балалар ауылында "Алғыс айту – парызым” атты мерекелік шара өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2017 г.
529
0
Кеше «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында партияның 18 жылдығы және Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жетекші партияның тарихына тоқталып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2017 г.
686
0
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен бүгіннен бастап мемлекеттік қызметтің кадр әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар және жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттері арасынан білікті кадрларды анықтау, іріктеу, тәрбиелеу және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мен оларды жұмыспен қамту мақсатында «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылатын болады. Бұл туралы бүгін партия филиалында өткен баспасөз мәслихатында ұйымдастырушылар кеңінен түсіндірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2017 г.
552
0