Жарқын жүздесу

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Толқиды Сыр, толқының сенің толған жыр» деген тақырыпта жергілікті ақын-жазушылармен кездесу өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 желтоксан 2016 г. 779 0
Өмір жолы өнеге

Өмір жолы өнеге

Облыс орталығындағы "Ұлпан” балабақшасында "Тұңғыш Елбасы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйым¬дастырылған мереке Әнұранмен ашылып, балабақша меңгерушісі Лиза Жұмаділдаева қатысушыларды айтулы мере-кемен құттықтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 желтоксан 2016 г. 784 0
Халықаралық көрме мерейімізді өсіреді

Халықаралық көрме мерейімізді өсіреді

Келесі жылы Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетіні баршамызға мәлім. Сәл ғана тарихқа жүгінетін болсақ, 2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) 152-ші Бас Ассамблеясы кезінде Халықаралық көрме бюросына 161 мүше-мемлекет өкілдерінің құпия дауыс беруі барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны болып таңдалғанынан хабардармыз. Онда Астана өтінімін 103 мемлекет қолдады. Ал 2014 жылғы 11 мау-сымда Парижде (Франция) Халықаралық көрме бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 155-ші сессиясы  өтті, оның барысында  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі ресми мойындалып, Қазақстанға ХКБ-ның туы табыс етілді. Осы кезден бастап Қазақстан шетелдік қатысушыларды тарту, корпоративтік қатысушылармен келіссөздер жүргізу құқығына ие болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 желтоксан 2016 г. 1 000 0
Ертеңі нұрлы еркін ел

Ертеңі нұрлы еркін ел

Ол 1951 жылы Аралда өмір есігін ашады. Алдымен Қызылорда педаго-гикалық институтының филология факультетінен дәріс алған Биғали Әбдікерұлы Қаюпов бертін келе Алматы халық шаруашылығы институты мен Ресей Федерациясы Президенті жанындағы академиядан қаржы саласы мамандығын иеленген. Б.Қаюпов 1974-1981 жылдары облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК аппарат қызметкері, бөлім меңгерушісі қызмет¬терін атқарып, біліктілігі мен білімін жетілдіре түседі. Ал 1981-1985 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК нұсқаушысы, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі төрағасының көмекшісі, Сырдария аудандық атқару комитетінің төрағасы болады. 1987-1992 жылдары Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Биекең кейіннен Арал ауданын басқарды. 1995-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Прези¬денті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2001-2007 жылдары «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк»  президентінің бас кеңесшісі қызметін атқарады. Осыдан кейін Қар¬мақ¬шы, Жалағаш аудандарына басшылық жасады. Бүгінде «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» акционерлік қоғамы президентінің бас кеңесшісі. Ел еркіндігінің 25 жылдығына орай Тұңғыш Президент сайлауына сенімді өкіл ретінде қатысып, ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында заңдарды қабыл-дауға қатысқан Биғали Әбдікерұлымен ашық-жарқын сұхбаттасудың сәті түсті.
ҚОҒАМ 03 желтоксан 2016 г. 1 048 0
Дәрігер дидары

Дәрігер дидары

Облыстық медицина орталығының мәжі¬ліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен белгілі хирург Сағымбай Құлсартовтың 80 жасқа толу мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 желтоксан 2016 г. 1 305 0
Бір адам жаққан отқа мың адам жылынады

Бір адам жаққан отқа мың адам жылынады

Жиырма бірінші ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап, яғни, өзіміз бастан өткеріп отырған нарықтық қатынастар кезеңінде кім-кімнің де іскерлік қабілет-қарымын көрсетуіне, жаңадан жол салуына, әр істің оңтайын келтіріп, табыс табуына зор мүмкіндіктер ашылды. Бұған әрине есеп білумен қатар, бастар ісін дұрыс жоспарлай білу, қаржыны орнымен жұмсау, оны үнемдеу, адамдармен ортақ тіл табыса алу барынша қажет екендігі түсінікті. Сол қажеттіліктердің бәрін бір арнаға тоғыстырған жанның іскер атанып, ойлағанын жүзеге асырары сөзсіз. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Құлмағанбет Исаханов – жаңа заман тудырған азаматтың бірі. Орта мектептен соң, Сарыағаштағы Қапланбек техникумын тәмамдап, Жаңақорған ауданының бір қиырындағы «24 партсъезд» атындағы кеңшарда мал маманы ретінде өзінің еңбек жолын бастады.
ТАҒЫЛЫМ 03 желтоксан 2016 г. 1 453 0

Апта ағымында

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аймақта өтетін мәдени-көпшілік шаралар
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 желтоксан 2016 г. 625 0
PDF 03 желтоксан 2016 г. 639 0

Медбикелер қызметі күшейтіледі

Облыстық медицина орталығында «Орта буын медицина қызметкерлерінің жұмысын жүйелендіру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шараның мақсаты  – денсаулық сақтау саласындағы орта буын қызметкерлерінің жұмысын зерделеу, жаңа стандарттарға сәйкес мейірбике қызметін жүйелендіру тетіктерін талқылау болып табылады.  Семинарға ҚР ДСжӘДМ мейірбике ісі жөніндегі бас маманы Сұлтан Сейдуманов қатысты. Басқосуды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова жүргізіп отырды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 желтоксан 2016 г. 725 0
Бағдарлама нәтижелі жалғасады

Бағдарлама нәтижелі жалғасады

Өңірлік коммуникациялар орталығында Елбасы тапсырмасына сәйкес «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жобасын түсіндіру мақсатында сала басшыларының қатысуымен брифинг болып өтті. Оған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аманжол Алдажаров, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қарабалаев, облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бекішов және облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 желтоксан 2016 г. 798 0