Дәрігер дидары

Дәрігер дидарыОблыстық медицина орталығының мәжі¬ліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен белгілі хирург Сағымбай Құлсартовтың 80 жасқа толу мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға сала ардагері Тұрғанбай Маханов бастаған облыстың хирург мамандарымен қатар, білікті де білімді дәрігерді торқалы тойымен құттықтауға арнайы келген А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми орталығының профессоры, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шәкір Жораев, аталған орталықтың өңеш-асқазан хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Әділ Шөкебаев, орталықтың гипатобилярлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Досханов және Алматы қаласындағы онкология орталығының маммология бөлімінің меңгерушісі Мұратжан Сақтағанов қатысты.
Жиынды ашқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова саланың даму қарқынына тоқтала келе, Сыр медицинасының дамуына өзіндік үлесін қосқан Сағымбай Қара¬құлұлының еңбек жолына тоқталды.
– Денсаулық сақтау саласы жыл өткен сайын дамып келеді. Мәселен, соңғы үш жылда сала бюджеті 50 пайызға өсті. Кезең-кезеңімен емханалар мен ауруханалар салынуда, жабдықтар алынып, мамандар оқытылып жатыр. Соңғы үш жылда 34 денсаулық сақтау нысаны салынып, іске қосылса, медицина ұйымдарының санитарлық автокөлікпен қамтылуы 100 пайызға жет¬кізілді. Дегенмен, саланың локомотиві – мамандар. Сон¬дықтан да білікті маман алдыңғы орында тұруы қажет. Білікті маман болу дегеніміз, ол – үнемі іздену мен көру арқылы жинақталатын тәрбие. Сол тәрбиені жастарымыз білікті мамандардан, яғни, ұстаздардан алады. Сондай ұстаздарымыздың бірі де, бірегейі бүгінгі 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Сағымбай Қарақұлұлы.  Бұл кісі туралы айта бастағанда, ең бірінші, жылы жүзді, мейірімді, жылы жарқын жүректі жан көз алдыңа келеді. Бірақ, Сағымбай Қарақұлұлы – іске келгенде өте талапшыл, мұқият, жауапкершілікті алдыңғы орынға қоятын «алтын қолды» дәрігер. Жалпы еңбек өтілі 55 жыл болса, соның 51 жылын Сағымбай Құлсартов Сыр медицинасына арнаған жан, – деп атап өтті А.Әлназарова.
Конференция барысында сала ардагері Тұрғанбай Маханов әріптесі жайлы жылы лебізін білдірсе, шәкірттері де ұстаздарының дара қасиеттері жайлы айтып өтті. Жиылғандар облыстық медицина орталығының бас хирургі Абдулла Шүленбаевтың «С.Құл¬сартовтың Қызылорда облысы хирургиясының дамуына қосқан үлесі», А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғы¬лыми хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Әділ Шөкебаевтың «Диафрагманың өңештік тесігі жарығының фундопликациясы», аталған орталықтың гепатоилярлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Досхановтың «Бауыр эхиноккозы кезіндегі перицистоэктомия отасы» тақырыптарында хабарламаларын тыңдады.
Сонымен бірге, жиында мерейтой иесіне облыстың «Құрмет» грамотасы табысталды.
Айнұр БАТТАЛОВА.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 желтоксан 2016 г. 1 305 0