
Облыс орталығындағы "Ұлпан” балабақшасында "Тұңғыш Елбасы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйым¬дастырылған мереке Әнұранмен ашылып, балабақша меңгерушісі Лиза Жұмаділдаева қатысушыларды айтулы мере-кемен құттықтады.
Жүздері қуаныштан бал-бұл жан¬ған балғындар тақ¬пақ айтып, сурет салып, өнерлерін ортаға салды. Шара барысында балабақша меңгерушісі Л.Жұмаділдаева егемен елімізде балабақша мәселесіне мемлекет тарапынан айрықша назар аударылып отырғанын, рес¬публикамызда балдырғандардың бақытты ғұмыр кешіп жатқанын тілге тиек етті.
– Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу – өзекті мәселенің бірі. Біздің келе¬шегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Осы тұста Мемлекет басшысы балабақша мәселесін басты назарда ұстап, оған үнемі ерекше көңіл бөлетінін айту керек. Балалардың ана тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруына тәр¬биеші-педагогтар бар күш-жіге-рін жұмсап келеді. Қазіргі таңда біздің балабақшада 50-ге жуық бала тәрбиеленуде. Біз мерекелік шаралар мен түрлі спорттық сайыстарды жиі өткізіп тұрамыз. Бұл балғындардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді деп есептеймін. Осындай бейбіт заманда жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп отырғанымыз Елбасының байыпты саясатының арқасы деп білеміз. Баршаңызға мереке құтты болсын! – деп игі тілегін жеткізді.
Ал балабақша тәрбиешісі Әсем Жарас балғындарға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағы мен еңбек жолын таныстырды. Бүгінгі жас ұрпақтың болашағы жарқын, келешегі кемел екендігіне тоқталды. Шара соңында балалар топтық жұмыс орындап, белсенділіктерін көрсетті.