Жарқын жүздесу

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Толқиды Сыр, толқының сенің толған жыр» деген тақырыпта жергілікті ақын-жазушылармен кездесу өтті.
Мәртебелі меймандар қатарында Рысты Бекбергенова, Сәнімкүл Желдербаева, Махмұтбай Әміреев, Әскербек Рахымбекұлы сынды қаламгерлер болды. Олар өлеңдерін оқып, жастық шақтарынан естеліктер айтты. Колледж студенттері ақын-жазушылардың туындыларынан үзінділерді жатқа айтты.
Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» және «Толқиды Сыр, толқының сенің толған жыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Колледж әкімшілігі қонақтарға ризашылық білдіріп, мықты денсаулық пен шығармашылық табыс тіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 желтоксан 2016 г. 779 0