Азық-түлік емес тауарлар бағасы тұрақты

Азық-түлік емес тауарлар бағасы тұрақты

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы халық тұрмысына аса қажетті азық-түлік емес тауарлардың бағаларына күнделікті мониторинг жүргізуде. 24 қарашадағы мониторинг қорытындысы бойынша облыстық және аудандық сауда орындарында азық-түлік емес тауарларға ең төмен бағалар бекітілген.
АҚПАРАТ 26 қараша 2016 г. 2 868 0
Арзан баға қайда бар?

Арзан баға қайда бар?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпа¬раттық-марке¬тингтік жүйесі арқылы күнделікті азық-түлік өнімдері бағасына мони¬торинг жүргізілуде. Нәтижесінде, бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базар¬ларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
АҚПАРАТ 26 қараша 2016 г. 2 356 0

Асқар Кіребаевтың 70 жылдығына арналған облыстық жыр мүшәйрасы өтеді

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі,  ақын, журналист Асқар Кіребаевтың 70 жылдығына арналған облыстық жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ
АҚПАРАТ 26 қараша 2016 г. 2 159 0

100 сұрақ – 100 жауап

Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтан¬дырудың міндеттері мен мақсаттарын халық арасында түсіндіру жұмыстары өзекті болып отыр. Осыған орай, тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, басылым бетінде «100 сұрақ – 100 жауап» арнайы айдары ашылып, онда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтарға жауап берілетін болады.
АҚПАРАТ 26 қараша 2016 г. 1 767 0
Қара шаңыраққа  айналған оқу ордасы

Қара шаңыраққа айналған оқу ордасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие. Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. Жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. Білім ордасы 2012 жылы әлемдік үздік оқу орындары қатарында 390-шы орынға жайғасты. 
АҚПАРАТ 26 қараша 2016 г. 1 950 0
«Үкілі үміт» байқауы қуаныш сыйлады

«Үкілі үміт» байқауы қуаныш сыйлады

Облыстық мүгедектерге арналған оңалту орталығында «Үкілі үміт» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың өнер байқауы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қараша 2016 г. 721 0
Аманның асуы

Аманның асуы

Жаратқанның жарық дүние сыйлаған нығметіне шүкіршілік етіп, ғұмырын белгілі бір мақсат жолына арнаған адамдар қай елде де аз емес екені белгілі. Ғалым, ұстаз Аман Абасиловты мен сондай жандардың қатарына жатқызар едім.
ТАҒЫЛЫМ 26 қараша 2016 г. 1 165 0
«Алпыс үш жыл бұрынғы айыбымды өтеп келемін...»

«Алпыс үш жыл бұрынғы айыбымды өтеп келемін...»

Күз айы еді. Күн борасындау. «Бөген» елді мекенінен автобусқа отырдым. Бұл баяғы, 1921 жылы, пролетариат көсемі В.Ленин Арал балықшыларына хат жолдап, «Аштыққа ұшыраған Поволжье халқына жомарт қолдарыңды созыңдар» деп өтініш еткенде айрықша үлес қосқан ауыл-ды. Жаныма етжеңді кісі жайғасты. Көптен таныспыз. Қайып Сүлейменов.
ТАҒЫЛЫМ 26 қараша 2016 г. 960 0
Ишан мешітіне жөндеу жасалды

Ишан мешітіне жөндеу жасалды

Қарашаның бойды қарыған қара суығы кәріне мінген шақ. Екпіні нарды құлатады дейтіндей долы жел де сәт санап күшейе түскен. Десе де, Қамбаш көлінің маңына қоныс тепкен іргелі қоныстағы қабырғалы қауым табиғаттың адуын қылығын елер емес. Тарихы тереңнен басталатын Жанназар ишан мешітінің жанына жиналған  шоғырдың қарасы қалың. Үлкен де, кіші де құдды тойда жүргендей тым көңілді. Олай болатын реті де бар. Бүгін мұнда  асқан ғұлама, емші, хақ жолына баулыған ұстаз ретінде көпшіліктің жадында сақталған  Жанназар ишан Арланбайұлының есімімен аталатын ескі мешітке күрделі жөндеу жасалғаннан кейінгі  салтанатты рәсім өткізілуде. Шараға Арал, Қазалы және өзге де аудандардан, Қызылорда мен Байқоңыр қаласынан, Ақтөбе облысынан ишан ұрпақтарының қатысуы бабаға деген баршаның алғаусыз пейілін аңғартты. Ақ кірпішпен қапталып, заманауи үлгідегі есік-терезе орнатылған ғимаратқа халықтың қаражатымен сапалы жүмыстар жүргізілді. Біздің білгеніміз, игілікті іске Өткелбай Жолмырзаев пен Жұбатыр Әбілдаев, өзге де ел ағалары септігін тигізіп, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары белгілі кәсіпкерлер Мнажадин Өтеев, Ібайдулла Тілеп, Бекқали Бекбауылов қомақты үлес қосыпты.
РУХАНИЯТ 26 қараша 2016 г. 1 160 0

Алаяқтықтың алдын алу маңызды

Бейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Онда күн тәртібіне аймақтағы алаяқтық қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы тәрбиелік жұмыстардың жай-жапсары, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қойылып, жан-жақты талқыланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қараша 2016 г. 795 0