Қара шаңыраққа айналған оқу ордасы

Қара шаңыраққа  айналған оқу ордасыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие. Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. Жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. Білім ордасы 2012 жылы әлемдік үздік оқу орындары қатарында 390-шы орынға жайғасты. 
2016 жылы беделді рейтингтік агенттігінің  қорытындысы бойынша ҚазҰУ әлемнің 800 үздік университетет арасында 236-орыннан көрінді. Орталық Азия аймағы мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып әлемнің 250 үздік университеттер қатарынан көрінді, ТМД ЖОО-ның ара¬сында 3 орынға тұрақтады. QS  сарап¬шыларының ұсыныстары бойынша ҚазҰУ тәжірибесі әлемдегі үздік уни¬верситеттерде зерттелуде. 
Қазіргі таңда университет 37 маман¬дық бойынша кадрлар даярлайтын ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте 2 мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді. Оның 1000-нан астамы ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен 50 фило¬софия докторы бар.
Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі. Оқы¬тудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген. Оқу үдерісінің ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Жаңа даму кезеңінде әл-Фа¬раби атындағы ҚазҰУ-дың жаңа ака¬демиялық саясаты жүзеге асырылып, білім тексерудің қуатты корпоративтік жүйесі жолға қойылды.
Еліміздің жоғары оқу орындары ара¬сындағы бірінші Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Университетте елі¬міздің барлық аймағынан келген 20 мыңнан астам студент, сондай-ақ алыс-жақын шетелден келген сту¬денттер де білім алады. ҚазҰУ-дың 80 жылдық өмір жолында қалыптасқан дәстүрлерге, есімдері мен атқарған істері ұлы шаңырақтың, яғни еліміздің жасампаз оқу орны тарихының ғылым¬ға риясыз қызмет ету мен батыл инно¬вациялардың ажырамас бөлігі болып табылатын алдыңғы буын ағалар мен замандастарға тән ерлікке табан тірейді. Университтің миссиясы – еліміздің қо¬ғам¬дық өмірі мен ғылымына, эконо¬миканың маңызды бағыттарының қар¬¬қынды даму мәселелерін шешуге ба¬ғыт¬талған заманауи, жоғары білімді, бәсе¬кеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру. ҚазҰУ ғылыми инфра¬құрылымының негізі – еліміздегі ірге¬лі зерттеу бағдарламалары жалпы мөл¬шерінің 50 пайыз жүргізілетін 20 ғылыми-зерттеу институты мен халық¬аралық ғылыми орталық. Университет жанынан бейіндік мектеп, колледж, біліктілікті көтеру институты және тү¬лектері қосымша әскери мамандық алып шығып, ҚР Қарулы күштері қатарында, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, кеден қызметі мекемелерінде қызмет етуге мүмкіндік беретін әскери кафедра жұмыс жасайды.
Онда білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасалған. Студенттердің өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қа¬сиет¬терді тәрбиелеуге мол мүмкін¬дік¬тер бар. Иә, университеттің жаңа формациясын жасау мақсатында ҚазҰУ биыл «Аl-Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасын іске қосты. Жаңа үлгі ұлы ойшыл әл-Фарабидің ізгі ниетті ерекше қала ойларына негізделген. Сонымен қатар аталған жоба технологиялық және ру¬хани-адамгершілік тұжырымдардың бір¬тұтастығы негізінде ғылыми, білім беру және әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа заманауи тәсілін ұсына отырып, университеттің жаңа ұрпақ дайындауына негіз болады. 
ҚазҰУ-дың заманауи даму кезеңі Елбасының Қазақстанды 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жос¬пары¬мен, «Қазақстан-2050» Страте¬гия¬сында қойған жаңа міндеттермен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, білікті мамандарды да¬йындау елдің инновациялық-индус¬триялық дамуымен сәйкес келуі керек. Осыған орай, 2011 жылы университетте кешенді құрылымдық модернизация жа¬салып, кластерлік әдіс негізінде факуль¬теттер дамып, кафедралар ірілен¬дірілді. 
Аталған білім ордасы жоғары халық¬аралық стандарттарға және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының оқу-білім бағдарламаларына сай негіз¬делген экспериментальді білім беру бағдарламаларын жасау базасына айнал¬ды. Маман даярлау үдерісі пәнаралық оқыту білікті тәсілдеме негізінде құ¬рылды. Әлемдік білім беру жүйесінде қабылданған талаптарға жақындай түсу біздің білім беру бағдарламаларымызға AQUIN және ASIN жетекші шетелдік агенттіктерден халықаралық аккредиттеу алуға мүмкіндік берді. Халықаралық деңгейде мойындалуымыздың бір көрінісі ол қосдипломдық білім беру бағдарламасының іске асуы болды. Бү¬гінде ҚазҰУ дипломы бірнеше мамандықтар бойынша әлемдегі беделді университеттер деңгейіне жетті. Елбасы «Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми зерттеушілік бөлімшелер құруы және дамытуы қажет» деп атап көрсетті. ҚазҰУ халықаралық ЕуроОдақ сарапшыларының сараптау нәтижесі бойынша ғылыми-техникалық және инновациялық потенциалы жағы¬нан Қазақстандағы жоғары оқу орын¬дарының көшбасшысы деп танылды. 
Токио университеті ғалымдарымен бірігіп университет ғалымдары теңдесі жоқ алғашқы университеттік НАНО спутнигін дайындауда. Студенттік бизнес инкубатор ашылды. Бұл – студенттердің бизнес жобаларын іске асырудың инновациялық инфрақұрылымдық алаңы. Осындай көрсеткіші бар оқу ордасында оқитын студенттер өздерін бақытты санайды. 
Қарлығаш АЙСҰЛТАНОВА, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 
шет тілдер кафедрасының доценті
АҚПАРАТ 26 қараша 2016 г. 1 941 0