Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтан¬дырудың міндеттері мен мақсаттарын халық арасында түсіндіру жұмыстары өзекті болып отыр. Осыған орай, тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, басылым бетінде «100 сұрақ – 100 жауап» арнайы айдары ашылып, онда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтарға жауап берілетін болады.
– Қордың шығындары бойынша ақпарат халық үшін қаншалықты айқын болады?
– Қазіргі таңда, жаңа модельде қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйесі қарастырылған. ӘлМСҚ қызметінің айқындылығы мыналар арқы¬лы жүзеге асырылады:
Жарналар мен қаражат түсуінің күнделікті мониторингі;
Көрсетілген медициналық қызмет¬тердің күнделікті мониторингі;
Қаражатты пайдалану туралы стандартты есепті уәкілетті органға ұсыну (ДСӘДМ, ҚМ, Үкіметке, Есеп комитетіне);
Қоғамға жыл сайын жылдық есеп¬ті жариялау (қысқаша газеттерде, то¬лық веб-сайтта және жеке БАҚ басы¬лымдарда).
ӘлМСҚ-ның стратегиялық құжат¬тары (5 жылға даму стратегиясы, қысқа мерзімдік кезеңге даму жоспары, жылдық жоспар) орналасатын ӘлМСҚ вебсайтын жүргізу.
– Өзімен бірге сақтандыруды (карточка) үнемі алып жүру керек пе, әлде жеке куәлік жеткілікті болады ма?
– Өз ЖСН-ін білу жеткілікті немесе өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.
– МӘлМС енгізу азаматтардан төлемдерді талап ету арқылы жем¬қорлықтың өсімін тудырмайды ма?
– Біз жемқорлықтан кетудеміз. Біз¬дің жар¬налар, жұмыс берушінің немесе мемлекеттің біз үшін ауда¬рымдары бұл біздің жоспарланған госпитализациямызға төлем болып табылады. Осыған байланысты, ме¬ди¬циналық көмек ұсыну кезінде ме¬дициналық ұйымдар тарапынан «қо¬сым¬ша шартты төлемдер», ТМККК және МӘлМС кіретін техникалық қызметтер ұсыныл¬мауға тиіс.
Қызметтерге ақы төлеу, меди¬ци¬налық ұйым¬ның ұсынылған меди¬циналық көмегінің сапасы мен көлемін растау арқылы Қордың қаражаты есебінен жүргізіледі.
– Жақында әкемізге есту ап¬паратын сатып алдық. МӘлМС шең¬берінде өз бетінше сатып алынған техникалық оңалту құралдарына жұмсалған шығынның көлемін қа¬лай анық¬тайтынын білгіміз келеді?
– Өз бетінше сатып алынған тех¬никалық құралдар төленбейді, егер бұл оңалту шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтердің бөлігі болса, онда олар МӘлМС пакетіне кіре алады.
– Стоматологиялық қызметтер міндетті медициналық сақтандыру пакетіне кіреді ме? Ия болса, қашан?
– Жоқ, аталған қызметтер әлеу¬меттік меди¬циналық сақтандыру паке¬тіне кірмейді. ТМККК шеңберінде стоматологиялық қызметтер жүкті әйелдер мен балаларға қалады.
– Егер дәрігерлер, стационарда жоқ болған¬дықтан дәрілерді өзіңізге сатып алуды ұсынса, онда ММС жұмсалған ақшаны қай жағдайда қайтарады және дәрігерлер бұл туралы науқасты ақпараттандыруға міндетті ме?
– Стационарлық көмек толықтай МӘлМС па¬кетіне кіреді және тегін ұсынылады. Егер пациент дәрілік пре¬параттарды өз бетінше сатып алса, онда аурухана дәрігердің жолдамасын ұсыну бойынша дәрілердің құнын өтеуге тиіс. Қорға жүгінген кезде бұл жағдайлар тексеріліп, тиісті шаралар қолданылады.
– Медициналық сақтандыру қоры¬на жұ¬мыс істейтін зейнеткерлер жарналар төлей¬ді ме?
– Жоқ, зейнеткерлер үшін мемлекет аударады. Олар жұмыс істеген жағ¬дайда, оның жұмыс берушісі оған жарналарды төлеуден босатылады.
– Егер мен соңғы 3 жыл ішінде медици¬налық көмекке жүгінбесем, онда салымдар со¬масы жиналады ма және оларды басқа мақ¬сатқа алуға болады ма?
– Жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесі ортақ болып табылады және қатысушылардың атауландырылған есебін және аурудың қатері келгенде жүйені қатысушылары арасында қара¬жатты қайта бөлуді қарастырады.