
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы халық тұрмысына аса қажетті азық-түлік емес тауарлардың бағаларына күнделікті мониторинг жүргізуде. 24 қарашадағы мониторинг қорытындысы бойынша облыстық және аудандық сауда орындарында азық-түлік емес тауарларға ең төмен бағалар бекітілген.
Қызылорда. «Ажар Сити» сауда үйін¬де 200 гр кірсабын 56, кір жуатын 450 гр ұнтақ 219, сусабын 337, иіс сабын 75 теңгеден сатылып жатыр. «Талғат» ба¬зарында маталардың барлық түрінен тігілген әйелдердің көйлегі 5000, балаларға арналған аяқ киім 2250 теңгеден сатылуда. «Сыбаға» базарында әйелдерге арналған аяқ киім 7000, ерлердің маусымдық аяқ киімдері 5000 теңгеден. «Гүлдана» базарында 1 кг әк 70 теңгені құрайды. «Технодом» сауда үйінде теледидар 60000, шаңсорғыш 13000, тоназытқыш 102000 теңгені құрайды. «Таты¬ран» сауда үйінде дәптер 10, қаламсап 15 теңгеден сатылуда.
Жалағаш ауданы. «Ақниет» сауда дүкенінде кірсабын 80, ұнтақ 257, сусабын 335 теңгеден арзан бағамен сатылып, ал тоңазытқыш 55000, теледидар 32000, шаңсор¬ғыш 22000 теңгеден. «Нартай» сауда дүкенінде әк 80 теңгеден ұсынылуда. «Аль-Асад» сауда дүкенінде сусабын 245 теңгеден. «Мөлдір» канцеляриялық тауарлар дукенінде дәптер 10, қаламсап 15 теңгеден сатылуда. «Ырыс» сауда үйінде ерлердің маусымдық аяқ киімдері 5000, әйелдер маусымдық аяқ киімдері 3500, балаларға арналған аяқ киімдер 2500, ерлер шалбары 5000, маталардың барлық түрінен тігіл¬ген әйелдердің көйлегі 3500 теңгеден сатылуда.
Қармақшы ауданы. «Молшылық» құры¬лыс дүкенінде 1 қап әк 1000 теңгені құрайды. «Сұлтан» сауда дүкенінде кірсабын 70, ұнтақ 250, сусабын 250 теңгеден сатылып жа¬тыр. «Адина» киімдер дүкенінде ерлердің шал¬бары 4000, ерлердің маусымдық аяқ-киімі 6000, маталардың барлық түрінен тігілген қыздардың көйлегі 5000, әйелдердің қысқы-жазғы аяқ киімі 6000, балаларға арналған аяқ киімі 3000 теңгеден халыққа ұсынылуда. «Эльдорадо» дүкенінде тоңазытқыш 60500, телидидар 55000, шаңсорғыш 12000 теңгеден. «Ұлар» канцеляриялық тауарлар дукенінде дәптер 12, қаламсап 15 теңгеден сатылып жатыр.
Жанақорған ауданы. «Кәусар» дүкенін¬де сусабын 180 теңгеден сатылуда. «Нұр» базарында шаңсорғыш 12000, әйелдер қысқы-жазғы аяқ киімдері орташа бағамен 1300, ерлер шалбары 3000, балаларға арналған аяқ киім орташа бағамен 1000, ерлерге арналған аяқ киім 1250, әйелдерге арналған маталардың барлық түрінен тігілген көйлектер 3500, әк 50, кірсабын 50, ұнтақ 130 теңгеден халыққа ұсынылуда. «Береке» сауда үйінде теледидар 55000, тоңазытқыш 55000 теңгені құрайды.
Арал ауданы. «Ілтипат» тұрмысқа қажетті заттар дүкенінде ұнтақ 100, сусабын 250, кірсабын 55 теңгеден сатылып жатыр. «Технодом» сауда үйінде тоңазытқыш 50000, шаңсорғыш 15000 теңгеден. «Аружан» сауда үйінде балаларға арналған аяқ-киім 2300 теңгені құрайды. Ерлерге арналған аяқ киім «Би-би» сауда үйінде 3000 теңгеден халыққа ұсынылуда. «Алтынбай» сауда үйінде маталардың барлық түрінен тігілген қыздардың көйлегі 2500, әйелдерге арналған аяқ киім 3000 теңгені құрайды. «Дархан» сауда уйінде ерлер шалбары 4300 теңгеден. «Қанағат» коммуналдық базарында әк 100, дәптер 10, қалам 15 теңгеден. Ал «Алсер» сауда үйінде теледидары 53000 теңгеден.
Қазалы ауданы. «Арзан» базарында кірсабын 50, сусабын 100, ұнтақ 150 теңгеден. «Орын-Ай» базарында балаларға арналған аяқ-киім 1000 теңгеден халыққа ұсынылуда. «Динара» сауда үйінде дәптер 15, қаламсап 20 теңгеден сатылуда. «Мұсаев» базарында ерлер аяқ киімі 2500, әр түрлі матадан тігілген көйлектер 2000, әйелдерге арналған аяқ киім 2000, ерлер шалбары 2500 теңгені құрайды. «Электрон» сауда үйінде тоңазытқыш 28000, теледидар 38000 теңгеден сатылуда. «Қазақстан» сауда үйінде шаңсорғыш 7000 теңгеден сатылып жатыр. «Ырыс-Болашақ» базарында әк 90 теңгеден.
Шиелі ауданы. «Ермат» дүкенінде теле¬дидар 30000, шаңсорғыш 12000, тоңазыт¬қыш 40000 теңгені құрайды. Орталық база¬рында дәптер 8, қалам 15 теңгеден сатылып жатыр, ал ерлердің маусымдық аяқ киімдері 4500, әйелдер маусымдық аяқ киімдері орташа бағамен 2000, балаларға арналған аяқ киімдер 2000, ерлер шалбары 3500, маталардың барлық түрінен тігілген әйелдердің көйлегі 3500 теңгеден сатылуда, кірсабын 45, кір жуатын ұнтақ 200, сусабын 250 теңгеден. «Нұрбер» құрылыс заттар дүкенінде әк 35 теңгеден сатылуда. Ал «Қанағат» дүкенінде шаң сорғыш 12000, теледидары 33 000, тоңазытқыш 58 000 теңгеден арзан бағамен саты¬луда. «Электроника» сауда үйінде тоңа¬зытқыш 46500, теледидары 48 000, шаң¬сорғышы 13000 теңгеден.
Сырдарья ауданы. «Өркен» сауда үйінде кірсабын 70, ұнтақ 200, сусабын 300 теңгеден. «Думан» сауда үйінде ерлердің маусымдық аяқ киімдері 5000, әйелдер маусымдық аяқ киімдері 4500, балаларға арналған аяқ киімдер 3000, ерлер шалбары 5000, маталардың барлық түрінен тігілген әйелдердің көйлегі 3000 теңгеден халыққа ұсынылуда. «Серікбол» сауда үйінде теледидар 55000, шаңсорғыш 10000, тоңазытқыш 70000 теңгені құрайды. «Жазира» дүкенінде дәптер 8, қаламсап 15, әк 45 теңгеден сатылып жатыр.