Үстіміздегі жылдың 7 қарашасынан бастап Әбдуов Қаныбек Шәрібекұлы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 қараша 2016 г.
878
0
Бүгін Қызылорда облысында «Ағын-2016» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ресми сайтында жарияланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 қараша 2016 г.
643
0
Ширек ғасырда сырбойылықтардың өмір сүру ұзақтығы 10 жылға ұзарды. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 қараша 2016 г.
680
0
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі біздің аймағымыз үшін мерейлі істердің бастауы болды. Атакәсіпті дамытып, егін шаруашылығының өлкемізге тән өзіндік дәстүрін қалыптастырған дала академигі, даңғайыр диқан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы аталып өтті. Шындығында, тарихы кенен, тағылымы терең Сыр елі – талай туымды тұлғалардың тұғыры болған мекен. Адал еңбегімен, адамгершілік қадір-қасиетімен халқының жүрегінен орын алған осындай азаматтың бірі де бірегейі, соғыс ардагері, Социалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисенов. Еңбегі ерен тұлғаның туғанына 90 жыл толуына орай Жалағаш ауданында ұлықтау шаралары аталып өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 қараша 2016 г.
1 374
0
Өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Б.Жаханов, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Орынбаев, облыстық статистика департаменті басшының орынбасары Г.Нұрқабылова бағаны тұрақтандыруда атқарылған шаралар туралы журналистерге айтып берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 қараша 2016 г.
832
0
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аймақта өтетін мәдени-көпшілік шаралар 8 қараша. «Отбасындағы татулық – озбырлықсыз қоғам» аймақтық конференциясы, Қызылорда қаласы, «Nomad Palace» қонақүйі, сағат 9:30.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 қараша 2016 г.
877
0
«Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен «Ашық есік күні» акциясында екі сағат ішінде жүзге жуық адам кеңес алып үлгерді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 қараша 2016 г.
704
0
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Сыр елі – достық мекені» атты ақпараттық-насихаттық топ «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында этносаралық келісімді нығайту жөнінде мұнай-газ саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 қараша 2016 г.
637
0
Қызылорда қалалық мәслихатының VI шақырылымының кезектен тыс VІІІ сессиясында «Қызылорда қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы», «Қызылорда қаласы ауылдық округі мен кентінің көшелеріне атау беру және қайта атау туралы», «Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округінің Ақжарма ауылын қайта атау туралы», «Қызылорда қаласындағы шағын аудандарға атау беру туралы» шешімдердің жобаларын қаралып, құжаттар бірауыздан қолдау тапты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 қараша 2016 г.
1 291
0
Қазіргі қолданыстағы денсаулық сақтау және білім беру нысандарының 70 пайызы тәуелсіздік жылдарында пайдалануға берілген. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 қараша 2016 г.
841
0