АНТ мүшелері мұнай-газ саласының қызметкерлерімен кездесті

АНТ мүшелері мұнай-газ саласының қызметкерлерімен кездестіҚызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Сыр елі – достық мекені» атты ақпараттық-насихаттық топ «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында этносаралық келісімді нығайту жөнінде мұнай-газ саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиынға «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс, өзбек этномәдени бірлестігінің алқа мүшесі, кәсіпкер Бақтияр Дадашев, «SSM-Ойл» ЖШС директоры Нұрмұхамед Әбдікәрімов, Петро Қазақстан мұнай кәсіпшілігі компаниясына қарасты «Көлжан» ЖШС директорының орынбасары Ғалым Байманов және аталмыш компанияның қызметкерлері қатысты. Жиында Е.Уәйіс «Қазақстан Тәуелсіздіктің 25-ші белесінде» деген тақырыпта баяндама жасады. Өзбек этномәдени бірлестігінің алқа мүшесі, кәсіпкер Бақтияр Дадашев бірлестіктерінің біріккен мәдени іс-шаралары туралы, сонымен қатар қоғамдық және этносаралық келісімді нығайту жөнінде сөз сөйледі. Мектеп жасындағы ұлты өзбек жеткіншектерін қазақ тілінде тәрбиелеу жұмыстарының жүріп жатқандығына да тоқталды. Топ мүшелері қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. 
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2016 г. 632 0