400 мыңнан астам тәуелсіздіктің төл құрдасы бар

400 мыңнан астам тәуелсіздіктің төл құрдасы бар
Ширек ғасырда  сырбойылықтардың өмір сүру ұзақтығы 10 жылға ұзарды. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Облыстық бюджеттің көп бөлігі халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне, оның ішінде денсаулық сақтау саласына жұмсалады. Қызылордада жаңа заман талабына сай облыстық медициналық және диагностикалық орталықтар, перинаталды орталық, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығы және өзге де әлеуметтік нысандар бой көтерді. Барлық аудан орталықтарында заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа емханалар, ондаған ауылдық дәрігерлік амбулаториялар салынды. 
- 25 жылда аймақта 400 мыңнан аса сәби – тәуелсіздіктің төл құрдастары дүниеге келді. Ал тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 10 жылға дейін немесе 64-тен 72 жасқа дейін ұзарды, - деді Ақмарал Әлназарова. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2016 г. 675 0