Екі сағатта жүзге жуық адам кеңес алды

Екі сағатта жүзге жуық адам кеңес алды«Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен «Ашық есік күні» акциясында екі сағат ішінде жүзге жуық адам кеңес алып үлгерді. 
КҚКО кеңесшілерімен бірге қор филиалының директоры Жансұлтан Матаев, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ филиалы басшысының орынбасары Ақмарал Сыздықова келушілерге бизнесті қолдайтын мемлекеттік жобалар туралы жан-жақты түсіндірді. Акцияға сондай-ақ «БанкЦентрКредит», «ForteBank», «ЦеснаБанк», «Казкоммерцбанк», «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы», «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «ӨИО Қызылорда» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдай қоры» АҚ өкілдері қатысты. 
Келушілердің қызығушылығын тудырған сұрақ кепілдендіру бағдарламасы болды. Бұрын «Даму» қоры тарапынан тек «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы басым секторларға кепіл берілетін болса, осы жылдан бастап аталған бағдарламаны қамтымайтын салаларды да қолдап келеді. Отандық және шетелдік франшизалар сатып алуға мүмкіндік беретін франчайзингтік жобалар да – назарда. 2016 жылдан бастап «Даму» қорының тиімді шарттармен кепілдендіруі тағы бір жаңа бағдарлама «Даму-оптима» бойынша да жүзеге асырылуда. Ендігі жерде әрекет етуші бизнесмен несие алуы барысында кепіл мүлкі жетіспесе, қордың несие сомасының 70%-ға дейін кепілдендіру құралына жүгінуіне болады. Кепілдендіру мерзімі – 60 айға және несие сомасы 180 млн.теңгеге дейін қарастырылған. Банктердің бірлесуі мен «Даму» қорының электронды үкіметпен жұмыс жасауының арқасында өтінішті қарауға әрі кеткенде бес жұмыс күні ішінде шешім шығару мүмкін болып отыр.
Сонымен қатар банктер мен бизнесмендер және қордың өзара қарым-қатынасын жеңілдету мақсатында келер жылдың ортасы, не соңына таман «Даму» «Қаржылық супермаркет» жобасын іске қосуды жоспарлауда. Жобаның мақсаты  - клиент «Даму» қорына келгенде оның жобасы жүзеге асқан уақытқа дейінгі сүйемелдеу қызметін көрсететін бір жауапты қызметкер белгіленіп, жұмыс жасайтын болады. 
Бизнесмендерге кеңес беру кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері Қызылорда қаласының КҚКО 6 802 қызмет көрсетілген. Сондай-ақ заң және бухгалтерия, ХҚКО қызметі бойынша кеңес алу ең сұраныс көп «қаржылай емес қызмет» түрлеріне жатады. Және де «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу туралы КҚКО келуші потенциалды кәсіпкерлердің арасындағы кеңінен тараған сұрақтар қатарында.
"Даму" қоры филиалының баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2016 г. 700 0