АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ

Кеше Қызылордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының құрылғанына 10 жыл толуына орай «Тәуелсіздік және азаматтық қоғам: әлеуметтік жаңғыру» атты VІІ аймақтық азаматтық форум өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 978 0
Инновациялық мектептер тәжірибесі

Инновациялық мектептер тәжірибесі

Қызылордаға жұмыс сапарымен келген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шамшидинова «Облыста жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудегі инновациялық мектептердің тәжірибесі» атты облыстық іс-шараға қатысты. Алдымен  «Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі» инновациялық мектеп мұғалімдерінің шеберлік сыныптар  негізінде жүргізілген секция жұмыстарын тыңдады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 1 261 0
Озық тәжірибе өз жемісін беруде

Озық тәжірибе өз жемісін беруде

Мемлекет басшысының 2015 жылдың наурыз айындағы тапсырмасына орай «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін тарату мақсатында облыс әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымдары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, өңірімізде 22 инновациялық мектептер желісін құру жобасы қолға алынды. Осы орайда Қызылорда қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» мен педагогикалық шеберлік орталығының филиалы, облыстық білім басқармасымен бірлесіп инновациялық білім беру ұйымдарына кәсіби қолдау көрсету жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуде. Бір жарым жыл ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі «Қызылорда облысында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудегі инновациялық мектептердің тәжірибесі» тақырыбындағы басқосуда кеңінен талқыланып, сараланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 1 015 0

СТАЛИННІҢ СІБІРДЕГІ ҰЛЫ

Соңғы ширек ғасыр ішінде Ресей баспасөзінде Сталиннің некесіз туған ұлы туралы бірқатар материалдар жарық көрген болатын. Бірақ  олар негізінен үстірт алынған фактілерге негізделгендіктен тарихшылар тарапынан соншалықты қызығушылық туғыза алмаған еді. Жуырда біздің қолымызға ресейлік «Совершенно секретно» газетінің 2016 жылғы ақпан айындағы №1 саны тиді. Газетте журналист Алексей Богомолов «Настоящая история внебрачного сына Сталина» атты мақала жариялапты. Мақаланың ерекшелігі – автор мұрағаттардан алынған деректерді негізге ала отырып, сонау ХХ ғасырдың басы мен орта шенінде болған оқиғаларды көз алдыңызға әкеледі. Сонымен автор не дейді?
ТАНЫМ 12 қараша 2016 г. 1 462 0

Тоғыз айдың толымды тірлігі

2013 жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылдарға дейінгі стратегиялық жоспары бекітілген еді. Аталған жоспарға Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Сыр еліне келген сапарында қолдау білдірген болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 634 0
«ҚазАгроҚаржының» елеулі үлесі

«ҚазАгроҚаржының» елеулі үлесі

Сыр елі – ежелден егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытқан өңір. Сондықтан болар мұндағы не¬гізгі кәсіптің көзі осы саланың өркендеуімен тығыз байланысты. Жылма жыл Жер-анадан берекелі өнім жинай білген, төрт түлігін түлетіп, ыдысы ақтан арылмаған ата кәсібімізді өркендетуге қосып жатқан үлесі мол. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 633 0
Тәуелсіздік жылдарындағы сот жүйесі

Тәуелсіздік жылдарындағы сот жүйесі

Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа тарихының бастау алғанына биыл 25 жыл толды. Елбасы егемендіктің алғашқы күндерінен бастап тәуелсіз сот, қуатты құқық қорғау органдарын құруды демократиялық, құқықтық мемлекетті нығайтудың басым бағыттарының бірі ретінде белгіледі.
ҚОҒАМ 12 қараша 2016 г. 1 048 0
PDF 11 қараша 2016 г. 817 0
Дзюдодан ел чемпионаты мен кубогы өтеді

Дзюдодан ел чемпионаты мен кубогы өтеді

16 қараша күні Қызылордада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты және кубогы басталады. Дүбірлі бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан400-ден аса спортшылар 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қараша 2016 г. 793 0
Әріптестері Жазира Жылқышиеваны жаңа қызметімен құттықтады

Әріптестері Жазира Жылқышиеваны жаңа қызметімен құттықтады

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Жазира Жылқышиеваны жаңа қызметімен құттықтады,- деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2016 г. 1 261 0