Соңғы жылдары Сыр елінде жолаушыларды тасымалдау саласында оңтайлы жұмыстар атқарылып, қоғамдық көліктер мәселесін бір жүйеге келтіру жұмыстары өз шешімін таба бастады. Алғаш рет 2005-2006 жылдары қалаға орташа сыйымдылықтағы автобустар тартылып, түрлі бағытта жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Дегенмен, жаңа қоғамдық көліктер саны шектеулі болғандықтан тасымалдың дені «Газель» автокөліктері арқылы жүргізілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қараша 2016 г.
810
0
Облыстық білім басқармасында мектепке дейінгі және орта білім бөліміне қарасты 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері бар. Олардың 5-і аудандық және қалалық білім бөлімдері арқылы тікелей жүргізіледі. Алайда облыстық білім басқармасы арқылы мемлекеттік үлгідегі құжаттар есебіндегі аттестат, куәліктердің материалдық жауаптылығы болған-дықтан «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету түрінің жүргізілу механизміне қатысты болып отыр.
АҚПАРАТ
19 қараша 2016 г.
1 005
0
Қызылорда облыстық және қалалық мәслихатының депутаттары сайлаушыларымен кездесіп, соңғы тоғыз айда атқарған жұмыстары туралы есеп беріп жатыр. Осындай кездесу «Титов» және «Гагарин» ықшам аудандарында өтті. Онда «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Ибадулла Құттықожаев пен қалалық мәслихаттың депутаты Ержан Байтілес біткен істің жай-жапсары мен болашақта атқарылатын шаруалардың жоспарын сайлаушылармен бөлісті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қараша 2016 г.
771
0
Белгілі ақын Темірше Сарыбаевты өмірінің ақырғы сәттерінде ғана аз уақыт көріп, сол шамалы сәттердің өзінде туғанымдай бауыр басып кеткен болатынмын. 2011 жылы ақын аға туған еліне – Сыр бойына келіп, мерейлі жасын – 70 жылдығын тойлады. Жанында ақынның шашбауын көтеріп қазақтың белді азаматтары, ағамыздың достары Сейфолла Оспанов, Қаһарман Бабағұловтар жүрді.
ТАҒЫЛЫМ
19 қараша 2016 г.
1 055
0
Құдайым оған әу бастан бәрін бере салған. Таудай тұлғасы талайға ық болуға жарайды. Оған байқалатын жерде байқалмау, табыстың буына пісіп дандайсу мүлдем жат. Кез келген ортада сыйластық сәнін келтіреді. Алғаш рет көріп тұрған бейтаныстың өзін елеусіз қалдырмай, бауырға тартады. Нан табар кезден бастап талабы жүріп берді. Өмір белестерінің ұңғыл-шұңғылы алғысқа толы. Ағаларға атқосшылық – жастайынан бойына сіңген қасиет. Білгенін пұлдамай, тосылыңқырап қалғанды қосарға алу кісілік жоралғысына айналған. Қуанғанды қуаттап, жабырқағанды жадыратса ғана жаны жай табады. Қадірі бөлек бұл азамат – Аралдың абыройлы да айбатты тұлғаларының бірі Зияғаладин Өтенов. Алыстағы Ауан ауылының тумасы. 1962 жылы орта мектепті тәмамдау бойына балық зауытында еңбек жолын жылымшылықтан бастаған. Ұзындығы 600 құлаш жылым торын алты ескекті түйедей қайыққа тиеп алып, айдын төсін шиырлап жағалауға ыңыранта тоғыстырғанда, маңдайдан шыпшыған тер кеудені жуып кететін. Бригадир Мырзажан Сахиев жүзінен шуақ төгіліп, білегінен қуат қайтпаған балаң жігіт Зияғаладинге дән риза.
ТАҒЫЛЫМ
19 қараша 2016 г.
1 011
0
PDF
19 қараша 2016 г.
731
0
16-19 қараша аралығында Қызылордада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 400-ден аса спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қараша 2016 г.
655
0
Еңбек – өмірдің ұстазы. Ерен еңбектің терең сабағын алған сайын елдің әл-ауқаты артып, қуаты күшейе береді. Ел қуаты – ертеңнің мұраты. Н.Назарбаев. Осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақ жерінде ұлттық намыстан жаралған – парасат рухы, тәуелсіздік рухы қалықтады. Әлемде үстемдік құрады деген коммунизм елесінің көбесі сөгілді, еңсесі еңкейді. Сол тарихи сәтте азаттықтың ақ жолында қаны төгілсе де, ары төгілмеген қазақ елі де ғасырлар бойғы алапат армандарының тұсауын кесті. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қағидада тәрбие алған ұлы дала ұландары ұлттық намыстың тайбурылына мініп, тәуелсіздігіміздің қияға ұшар қанатына айнала білді. Біздің ұлттық намысымыз жеке бастың не болмаса бір рудың мүддесі емес, ұлтымыздың ұлықтығы үшін әр адамның ұрпақтық парызы мен ата-бабамыздың алдындағы қарызы екенін тағы бір паш етті. Ұлттық намыстан туар патриоттық рухымыз кезінде тарих бетінен ысырылып қалмауымыздың қайнар көзі болды. Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі кеңістікте Ұлы Дала өркениетін жария еткен ата-бабаларымыздың негізгі қаруы, елім дейтін намысты ерді қадірлеу дәстүрі жоғары болды.
ТАҒЫЛЫМ
19 қараша 2016 г.
1 376
0
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев VIII «Байқоңыр Инвест» форумының пленарлық отырысында баяндады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қараша 2016 г.
529
0
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев VIII «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қараша 2016 г.
535
0