Қызылордада 200 орынға арналған көпсалалы балалар ауруханасының ашылуы өтті. Медициналық мекеменің ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және академик, қазақстандық педиатрияның негізін салушы Камал Ормантаев қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
625
0
26 қараша күні Қызылордада апаттық жағдайдағы үйлердің орнына салынған 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды қоныс тойларымен құттықтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
825
0
ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қабылданған, Тәуелсіз елімізде санаулы уақытта атқарылған ұшан-теңіз жұмыстарды айшықтайтын тарихи құжат баршаның көкейіндегі ризашылық сезімді туындатқаны анық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
627
0
Осы аптада терең білімді адал еңбекпен ұштастыра білген, елдің дамуына айрықша үлес қосқан 30 жас «Сыр үміті» сыйлығының иегері атанды. Олардың қатарында білікті дәрігер, ұстаздар, халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен өнерпаздар, БАҚ өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен жас ғалымдар бар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
1 237
0
Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы» қабылданған болатын. Осыған орай «Достық үйінің» мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік Декларациясын қолдау ниетінде актив отырысы өтті. Оған облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова, қалалық «Қоғамдық келісім кеңесінің» төрағасы С.Әбішев, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ, аналар кеңесі мен жастар қанаты мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
719
0
Тәуелсіздік алғаннан бері білім мен ғылым әлеуетін дамытуда ұлан-ғайыр істер атқарылды. Бір ғана Сыр өңірінде қазіргі қолданыстағы білім беру нысандарының 70 пайызы тәуелсіздік жылдарында пайдалануға берілген. Соңғы 25 жылда аймақта «Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Қазақ-түрік лицейі», дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты, тәжірибесі білім беру жүйесінің барлығына таралатын инновациялық мектептердің дербес желісі құрылды.
ҚОҒАМ
26 қараша 2016 г.
628
0
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Арал ауданында жұмыс сапарымен болып, ауданның әлеуметтік-эко¬номикалық дамуына қатысты облыс әкімдігінің көшпелі мәжілісін өткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
969
0
Кеше Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын Шаһизада Әбдікәрімовтің «Ақыл мен сезім бұрқағы» атты поэзия кеші өтті. Жыр марғасқасы биыл асқаралы алпыс жасқа толып отыр. Мерейтой иесін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
757
0
Қызылорда облысында мүлікті жария ету жұмыстары жалғасуда. 2016 жылдың 24 қарашадағы жағдайы бойынша Қызылорда облысында мүлікті жария етуге барлығы 1770 өтініш 2093 жылжымайтын мүліктерді жария етуге берілген. Оның ішінде тұрғын емес үй-жайлар бойынша – 1187 өтініш, соның ішінде коммерциялық объектілер бойынша – 990 өтініш, тұрғын үй бойынша – 906 өтініш. Келіп түскен өтініштер бойынша мүліктердің жалпы бағасы 15 060 978,4 мың теңгені құрады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
563
0
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы халық тұрмысына аса қажетті азық-түлік емес тауарлардың бағаларына күнделікті мониторинг жүргізуде. 24 қарашадағы мониторинг қорытындысы бойынша облыстық және аудандық сауда орындарында азық-түлік емес тауарларға ең төмен бағалар бекітілген.
АҚПАРАТ
26 қараша 2016 г.
2 868
0