Қайырымдылық акциясы жалғасады

Қайырымдылық акциясы жалғасады

Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған, қазіргі таңда қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді, бейбітшілік пен достықты сақтауда маңызды орын алатын, әлемде теңдесі жоқ құрылым екені белгілі. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының жұмысын жандандыру, жан-жақты ету, қызмет ету аясын кеңейту мақсатында оның жанынан қоғамдық кеңестер, клубтар мен корпустар құрылды. Солардың бірі – Аналар кеңесі. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2016 г. 501 0
Қазақтың Қаракөзі

Қазақтың Қаракөзі

Қоңыр даусымен, жүрекке жылы үнімен көрермен ықыласына бөленген өнер иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетова биыл – 60 жаста. Осыған орай Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында тәлімгер-ұстаздың шығармашылығына арналған классикалық ән өнері фестивалі өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2016 г. 797 0
Тағайындау

Тағайындау

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімімен Әлсеріков Мұхамедиса Абдрахманұлы Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2016 г. 609 0
Қаржы игермегендерден жауапкершілік қатаң сұралады

Қаржы игермегендерден жауапкершілік қатаң сұралады

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда күн тәртібіне бірнеше мәселе қойылды. Жиында аймақ басшысы облыстық құрылыс-сәулет және қала құрылысы  басқармасы басшысы болып тағайындалған Мұхамедиса Әлсеріковті таныстырып өтті. Сонан соң, облыстық бюджеттің орындалу барысы талқыға салынды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2016 г. 685 0
Аудандардағы «алтын дән» мерекесі

Аудандардағы «алтын дән» мерекесі

Жаңақорған ауданында науқанды жұмыстардың қорытындысы бойынша «Алтын дән-2016» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңындағы орталық алаңда ұйымдастырылған шара барынша тартымдылығымен тұрғындарды тәнті етті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2016 г. 956 0
Тарихты толғаған тәуелсіздік аллеясы

Тарихты толғаған тәуелсіздік аллеясы

Өткен аптаның соңында Қазалы ауданында ұлан-асыр той болды. Тағылымға толы той. Халық ұлыларын ұлықтады. Тарихқа тағзым жасады. «Тәуелсіздікке тәубе» десті. Қазалы жұртының қуанышына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ортақтасты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2016 г. 1 210 0
Ресейде оқып жүр Сырдың талай баласы

Ресейде оқып жүр Сырдың талай баласы

ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында қазақтар өздерінің балаларын Ресей мен шетелдердің орта және жоғары оқу орындарына оқуға жіберді. Қазақ жастарының елеулі бөлігінің заң факультеттерін таңдауы тегін емес болатын. Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов университеттерінде оқыды. Мәселен, М.Шоқай мен А. Тұрлыбаев Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. Ал Ә.Бөкейхан Санкт-Петербург Орман институтын, С. Асфендияров әскери медицина академиясын, Ж. Досмұхамедовтер де заң факультеттерін бітірді. Сөйтіп екі ғасырдың тоғысында Ресейдің түрлі қалаларында 700-ге жуық қазақ жастары білім алған болса, олар туған халқын отаршылдықтың буғауынан құтқару үшін, Ресейдегі түрлі ағымдардың қызметіне араласып, тәжірибе жинақтады. Бұл – бірақ өткен тарих. Ал қазіргі заман тіпті басқаша.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2016 г. 876 0