
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімімен Әлсеріков Мұхамедиса Абдрахманұлы Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Мұхамедиса Әлсеріков 1962 жылы туған. Ферғана политехникалық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Самара облысындағы Өндірістік азаматтық құрылыс трестінің құрылыс шебері ретінде бастаған.
1988-1994 жылдары «Бәйгеқұм» кәсіпорнында техникалық бақылаушы, құрылыс шебері және аға прораб болған.
1994-2006 жылдары Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі, 2006-2011 жылдары Шиелі аудандық құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2011-2013 жылдары Шиелі кентінің әкімі, ал 2013 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.