«Соңғы уақытта бізде тез баюға асығатындар көп секілді. Оңай жолмен келген ақша қалай келсе, солай кетеді. Иә, ақша белгілі бір деңгейде сені тәуелсіз етеді. Бірақ уақытша ғана. Ал кәсіби шеберлігің мен ақылыңды сенен ешкім тартып ала алмайды. Өз ісіңнің шебері болсаң ғана, сені бағалап, құрметтейді». Мемлекет басшысының бір жолы жастарды осылай қайрағаны бар. Расымен. Тегін ірімшік тек қақпанда болмаушы ма еді?! Жастар тақырыбына арналған жаңа айдар елге еңбегімен танылған тұлғалардың ой-таразысын әрі қарай жалғастырады. Ал бүгінгі сұхбат желісінде туған жеріне қалтқысыз қызмет еткен Алмагүл Божанова жұмысшы мамандығы мен еңбек адамының беделін көтеру мәселесін жастар жайымен сабақтастыра отырып ұсыныс-пікірлерін ортаға салады.
ТАҒЫЛЫМ
11 қазан 2016 г.
992
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, күн тәртібіне қойылған 5 мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов Ақтөбе облысының Қызылордадағы күндерін өткізудің жоспарын баяндады. Сондай-ақ, «Алтын дән - 2016», ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына орай өткізілетін мерекеге дайындық барысын мәлімдеді. Баяндамашы өз сөзінде айтулы іс-шараларды өткізуге толыққанды әзірлік жасалғандығын айтты. Өз кезегінде аймақ басшысы жоспардағы жұмыстарды атқаруда кемшілік болмауын қатаң тапсырды.
БИЛІК
11 қазан 2016 г.
898
0
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 13-16 қазан күндері Жаңақорған ауданы Машбек ауылында еңбек ардагері М.Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында ҚР чемпионаты, түйе палуандар арасындағы халықаралық турнир өтеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 қазан 2016 г.
774
0
Достық үйінде Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін салушы, академик Камал Ормантаевтың 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 қазан 2016 г.
838
0
PDF
11 қазан 2016 г.
625
0
Елбасы «Жалпақ жұртыңды, иісі Алашыңды құрметтеу, алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, тұлғаларын ардақтаудан басталады» – деген болатын. Осыны негізге алған "Сыр – Алаштың анасы” экспедициясы бұл жолы қазыналы Қазалы топырағына аялдады. Әрбір өлкенің өзіндік тарихи-мәдени ерекшелігі, сара жолы болады. Ұлы Жібек жолының бойындағы Жанкент, Мыңтөбе, Күйік-Қала, Кескен-Күйік секілді ертедегі қалалар саф алтынға бергісіз тарихи сырларды бүгіп тұр. Сараман-Қоса, Орақ, Бегім-Ана, Ұзынтам, Сарыбайқазған, Қазанғап сияқты жаугершілік заманда белгі беру мақсатында тұрғызылған тари¬хи мұнаралар мен Құттыбай, Сырлытам, Бақа би, Кәрібай, Найзағұл, Жанқожа кесенелері, Дөңқазған, Үшназар, Қосым әулие, Жабағылы, Әулиетөбе және Манас мазараттары сынды әр заманғы тарихи-сәулет ескерткіштері бүгінгі күнге терең ұрпақтар сабақтастығын сездіреді.
ТАНЫМ
11 қазан 2016 г.
1 412
0
Ақ күріштен тау тұрғызатын Сыр елінде биылғы егіннің жағдайы көңіл қуантарлықтай. Айталық, Жалағаш ауданы диқандары қазіргі күні мәре сызығына жақындап қалды.
ДӘУЛЕТ
11 қазан 2016 г.
586
0
Облысымызда «Жұлдыздарға қара – Посмотри на звезды» жобасының жеңімпаздарына гранттар табысталды. Аталған жоба үш ай бойы еліміздің барлық аймағында өткен болатын. Мүгедек-кәсіпкерлердің бизнес-идеясын жүзеге асыруларына берілетін ақшалай гранттың бюджеті ағымдағы жылы 14,4 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, бір адамға берілетін гранттың жалпы сомасы 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көбейіп, грант алушылардың саны 48 адамға дейін артты. Жоба аясында әр аймаққа 3 грант бөлінген. Ал біздің облыс 4 жеңімпаз анықталған жалғыз өңір болып отыр. Қызылорда облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерден жобаға қатысуға 20 өтінім қабылданып, нәтижесінде 4 жоба қаржыландырылды.
АҚПАРАТ
11 қазан 2016 г.
1 601
0
Жуырда «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» жобаның тұжырымдамасы қоғамдық талқылауға ұсынылған еді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 қазан 2016 г.
746
0
Өткен сенбіде облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жанындағы «Көшбасшы әйелдер мектебінің» тұсаукесері болды. Онда комиссия төрағасының орынбасары, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова құрылымның жұмысы қоғамда әйелдердің беделін көтере отырып, олардың көшбасшылық қасиетін дамытуға бағытталғанын алға тартты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 қазан 2016 г.
827
0