Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аймақта өтетін мәдени-көпшілік шаралар

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аймақта өтетін мәдени-көпшілік шараларҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 13-16 қазан күндері Жаңақорған ауданы Машбек ауылында еңбек ардагері М.Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында ҚР чемпионаты, түйе палуандар арасындағы халықаралық турнир өтеді.

* * *
14-15 қазанда Қызылордада Ақтөбе облысы күндері өтеді. Ақтөбе облысы күндері аясында бірқатар мәдени, әлеуметтік шаралар жоспарланған. 
Атап айтқанда, 14 қазанда сағат 18:30-да Н. Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Ақтөбе облысы өнер шеберлерінің және шығармашылық ұжымдарының гала-концерті өтеді.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аймақта өтетін мәдени-көпшілік шаралар
Сонымен қатар, 15 қазанда сағат 09:00-ден бастап қалалық «Тағзым» алаңында Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Осы күні сағат 15:00-де облыстық Студенттер сарайында Ақтөбе қаласының Қ. Жұбанов атындағы АРМУ-дың «Тұмар» және С. Бәйішев атындағы АУ-дың «Алаш» жастар театрының қойылымы өтеді. Ал сағат 16:30-да Н. Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының спектаклі қойылады.
Келіңіздер, көріңіздер! Өңірлер әріптестігіне бірге куә болайық!

* * *
Ал облыс орталығындағы Достық үйінде 18 қазан күні облыстық жастар форумы өтеді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аймақта өтетін мәдени-көпшілік шаралар


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қазан 2016 г. 769 0