НИЕТІҢ ТҮЗУ, НЕКЕҢ АДАЛ БОЛСЫН

Бүгінде азаматтық неке ұғымы қоғамымызға таңсық емес. Шарасыздықтан қойылған бұл атауға күннен-күнге бәріміздің етіміз де, құлағымыз да үйреніп барады. Ешбір жерде тіркелмей, некесіз тұрып жатқан жандардың бұл іс-әрекетін «бейресми неке» деп те атап жүрміз.
ҚОҒАМ 03 желтоксан 2014 г. 1 236 0

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МОЛАЙДЫ

Бүгінде жұмыс жасай бастағанына ширек ғасыр толып отырған «Қазақ тілі» қоғамының құрылуы еліміздегі сол кезде қалыптасқан саяси, мәдени-рухани жағдаймен тікелей байланысты болды. 80-жылдардың аяғында қазақ тілінің қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын қолдану аясы тарылып, ана тілімізден айырылып қалу қаупі туды. Бұл қазақтың зиялы қауымын оятып, ғалымдар мен жазушылардан бастап ел азаматтары есін жиды.
ҚОҒАМ 03 желтоксан 2014 г. 1 665 0
“БАЛАПАННЫҢ” БАЯНДЫ ЖОЛЫ

“БАЛАПАННЫҢ” БАЯНДЫ ЖОЛЫ

"Тұрақтылық пен келісім дегеніміз, ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты”. Бұл – Елбасының Жолдауында айтылған қағида. Рас, елде бейбітшілік заман болып, отбасының барлық түйткілдері шешімін тауып тұрса, әке мен ананың, олардың бауыр еті баласының денсаулығы мықты, тамағы тоқ, күлкісі шат, ұйқысы тыныш болса, одан артық бақыт бар ма?! Елбасы өз халқына жалпыұлттық идеямыз Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздіктің даму даңғылы Нұрлы жолға айналдырылғанын паш еткен болатын-ды. Келешегі кемел бұл Нұрлы жолда қазақстандықтар өздерінің бірлігін бекемдеп, аянбай тер төгуі қажет. Сонда барып Мәңгілік Елді бағдар еткен бағыт баянды болмақ.
ҚОҒАМ 03 желтоксан 2014 г. 1 499 0
КҮРІШ ПЕН ҚҰРЫШ

КҮРІШ ПЕН ҚҰРЫШ

Облысымыздың биылғы жылды табысты аяқтауына, бірқатар ауқымды жұмыстардың жүзеге асырылуына барша еңбеккерлеріміздің, диқандарымыздың, механизаторларымыздың үлесі зор. Биыл Қызылорда облысында 161367 гектар жерге егін егілді. Жер-Анадан нәпақа күткен халықтың жаз бойғы маңдай тері ақталды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 35,9 млрд. теңгені құрады. Салаға қаржылай қолдау да жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, биыл облыстық бюджеттен 8,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,9 пайызға жоғары.
ДӘУЛЕТ 03 желтоксан 2014 г. 1 945 0

ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ҚАЛЫПТЫ

Қызылорда облысының кәсіп­керлік және туризм басқармасы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №137 қаулысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу туралы 4-тармағына сәйкес 2 желтоқсандағы жүргізілген мониторинг нәтижесімен облыста АИ-92 маркалы бензині – 128 теңге, АИ-80 – 89 теңге, дизель отыны 115 теңгені құрап отыр, яғни 2014 жылдың 21 тамыздағы ҚР Ұлттық экономика министр­лігімен бекітілген шекті бағалардан аспайтын­дығын жеткізеді.
АҚПАРАТ 03 желтоксан 2014 г. 857 0

ҒАЛАМ ҒАЖАЙЫПТАРЫ

Американдық инженер Кихи Сеймур Bionic Boots бәтіңкесін ойлап шығарды. Бұл бәтіңке өзгесінен бөлек. Оны киген адам құстай ұшып жүгіре алады. Сағатына 40 шақырымды артқа тастай алады.
ТАНЫМ 03 желтоксан 2014 г. 2 492 0
БАЙҚОҢЫРЛЫҚ ӨНЕРПАЗ «СЫР ЖҰЛДЫЗЫ» АТАНДЫ

БАЙҚОҢЫРЛЫҚ ӨНЕРПАЗ «СЫР ЖҰЛДЫЗЫ» АТАНДЫ

Сенбі күні Н.Бекежанов атындағы драма театрда «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының төл жобасы «Сыр жұлдыздары» байқауы 8 мәрте өз шымылдығын ашты. Телебайқаудың сахнасы 2012 жылы жеңімпаз атанған «ВОЙС» тобының өнерімен түрілді. Тұсауы кесілгеніне 10 жыл болған бұл телевизиялық жобаға осы уақыт аралығында 2000-нан аса жас талант қатысыпты. 
РУХАНИЯТ 03 желтоксан 2014 г. 1 699 0
ҚИЯЛДАҒЫ БЕЙНЕҢДІ САЛДЫМ ҚҰММЕН...

ҚИЯЛДАҒЫ БЕЙНЕҢДІ САЛДЫМ ҚҰММЕН...

Құммен сурет салу өнері туралы не білеміз? Тарихына көз жүгіртсек, өткен ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болып, Батыста қанат жайған жас өнер екен. Алғашында құммен сурет салу анимациялық фильмдер шығару үшін пайдаланылыпты. Дәлірек айтсақ, құмды анимацияны мультипликацияға енгізген америкалық режиссер Кэролайн Лиф. Оның 1969 жылы «Құм немесе Питер мен қасқыр» атты бірінші құмды фильмі шыққан. Кэролайн Лиф мұны дипломдық жұмысы ретінде қорғаған. Алайда жас аниматордың бұл фильмін ешкім елемеген. Тек 1974 жылы жарыққа шыққан «Үйрекке үйленген үкі» атты құмды фильмі көпшіліктің қызығушылығын тудырған. Содан бері құмды анимация фильм, мультфильм, түрлі жарнамалық роликтерде, концерттік бағдарламаларда қолданылды.
АҚПАРАТ 03 желтоксан 2014 г. 2 360 0

«ҰСТАЗДАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ»

Адамгершіліктің басы адамның адамды іздеуінен бас­тау алса керек-ті. Нарықтық қатынастың қатал тәртібі ме, әлде пендеден мейірім қашып бара ма, осы күндері айналадағылар өзге түгілі жақын-жуықты іздеуден қалып бара жатқандай. Алайда, жаппай солай екен деп ауызды қу шөппен сүрте салу да әбестік болар, өйткені үлкеннен – ұлағат, кішіден ізет ғұрпын сақтағандар кезігіп қалады.
ҚОҒАМ 03 желтоксан 2014 г. 928 0
ТАТАР АҒАЙЫНДАРҒА ТАРТУ

ТАТАР АҒАЙЫНДАРҒА ТАРТУ

Қазақ пен татар достығының тарихи негізі мен арнасы әріден басталады. Өткен ғасырдың басында қазақша әдеби кітаптар мен фольклорлық шығармалардың Қазан қаласында жарық көруі осының айғағындай. Қазақ пен татар зиялыларының тығыз байланыста, достық қарым-қатынаста болғаны белгілі. Ортақ тіл мен дін, дәстүр мен тегіміз туыстас екі халықтың бауырластығын бекіте түседі.
АҚПАРАТ 03 желтоксан 2014 г. 862 0