ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ҚАЛЫПТЫ

Қызылорда облысының кәсіп­керлік және туризм басқармасы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №137 қаулысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу туралы 4-тармағына сәйкес 2 желтоқсандағы жүргізілген мониторинг нәтижесімен облыста АИ-92 маркалы бензині – 128 теңге, АИ-80 – 89 теңге, дизель отыны 115 теңгені құрап отыр, яғни 2014 жылдың 21 тамыздағы ҚР Ұлттық экономика министр­лігімен бекітілген шекті бағалардан аспайтын­дығын жеткізеді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні облыста мұнай өнімдерін бөлшек саудада сататын жалпы 121 жанар-жағармай құю бекеттері жұмыс жасайды. Оның ішінде Қызылорда қаласындағы 44 жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92, АИ-80 маркалы бензиндері күнделікті қолма-қол түрде бөлшек саудада сатылып жатқандығын хабарлайды.


АҚПАРАТ 03 желтоксан 2014 г. 849 0