« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қазақ пен
татар достығының тарихи негізі мен арнасы әріден басталады. Өткен ғасырдың басында қазақша әдеби кітаптар мен фольклорлық шығармалардың
Қазан қаласында жарық көруі осының айғағындай. Қазақ пен татар зиялыларының
тығыз байланыста, достық қарым-қатынаста болғаны белгілі. Ортақ тіл мен дін,
дәстүр мен тегіміз туыстас екі халықтың бауырластығын бекіте түседі.
Қазақ және татар халықтары арасындағы мәңгі достық пен өзара ынтымақтастықты нығайту, қандас халықтардың мәдени, рухани байланыстарын дамыту мақсатында 27 қараша күні Татарстан Республикасының Қазан қаласындағы Достық Үйінде «Достық әуендері» атты Қызылорда облыстық филармониясының концерті өтті. Концертте «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Томирис» би ансамблі, солистер Қ.Құттымұратов, С.Байсейітова, Э.Есназарова және дәстүрлі орындаушылар К.Түрікпенова, М.Сүгірбай, Н.Ақтаев, Ә.Мақсатбаев өнер көрсетті.
«Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Құрманғазы, Ықылас, Дәулеткерей, Қазанғап, Жалдыбай күйлерін және классикалық шығармалармен, қатар татар халық әндерін шебер орындады. Дәстүрлі орындаушылар Тұрмағамбет, Нартай, Базар жырау, Иманжүсіп мақамдарын төгілтіп, есті жырдан шашу шашты. Өнер әлемінің жыр жауһарларын паш етті. «Томирис» би ансамблі қазақ билері «Керім-ай», «Әдемі-ай», «Құрбылар» билерін мың бұрала әсем өрнектермен көркемдеп татар жұртшылығының жүрегінен жол таба білді.
Сыр елінің жыр-шашуын тарту еткен концертті Қазан қаласындағы Қазақстанның Бас консулы Асхат Нұсқабай, Татарстан Мәдениет министрінің орынбасары Гузель Нигматуллина, Татарстан Халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сағит Жақсыбаев және Президент аппаратынан келген өкілдер зор ықыласпен тыңдап, ризашылықтарын білдірді.
М.МЕРЕЙ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |