Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің студенттеріне «Әлем, Ел және Өңір дамуының басым бағыттары» тақырыбында дәріс оқыды. Айта кетейік, бұл аймақ басшысының студенттерге арнаған төртінші лекциясы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 желтоксан 2014 г.
932
0
Облыстың тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметті қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатында орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты облыстық байқауы өтті.
АҚПАРАТ
03 желтоксан 2014 г.
1 101
0
Үстіміздегі жылдың 5-7 қарашасында Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен елімізде тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық байқау болып өтті.
РУХАНИЯТ
03 желтоксан 2014 г.
1 524
0
Бүгінде азаматтық неке ұғымы қоғамымызға таңсық емес. Шарасыздықтан қойылған бұл атауға күннен-күнге бәріміздің етіміз де, құлағымыз да үйреніп барады. Ешбір жерде тіркелмей, некесіз тұрып жатқан жандардың бұл іс-әрекетін «бейресми неке» деп те атап жүрміз.
ҚОҒАМ
03 желтоксан 2014 г.
1 236
0
Бүгінде жұмыс жасай бастағанына ширек ғасыр толып отырған «Қазақ тілі» қоғамының құрылуы еліміздегі сол кезде қалыптасқан саяси, мәдени-рухани жағдаймен тікелей байланысты болды. 80-жылдардың аяғында қазақ тілінің қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын қолдану аясы тарылып, ана тілімізден айырылып қалу қаупі туды. Бұл қазақтың зиялы қауымын оятып, ғалымдар мен жазушылардан бастап ел азаматтары есін жиды.
ҚОҒАМ
03 желтоксан 2014 г.
1 665
0
"Тұрақтылық пен келісім дегеніміз, ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты”. Бұл – Елбасының Жолдауында айтылған қағида. Рас, елде бейбітшілік заман болып, отбасының барлық түйткілдері шешімін тауып тұрса, әке мен ананың, олардың бауыр еті баласының денсаулығы мықты, тамағы тоқ, күлкісі шат, ұйқысы тыныш болса, одан артық бақыт бар ма?! Елбасы өз халқына жалпыұлттық идеямыз Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздіктің даму даңғылы Нұрлы жолға айналдырылғанын паш еткен болатын-ды. Келешегі кемел бұл Нұрлы жолда қазақстандықтар өздерінің бірлігін бекемдеп, аянбай тер төгуі қажет. Сонда барып Мәңгілік Елді бағдар еткен бағыт баянды болмақ.
ҚОҒАМ
03 желтоксан 2014 г.
1 499
0
Облысымыздың биылғы жылды табысты аяқтауына, бірқатар ауқымды жұмыстардың жүзеге асырылуына барша еңбеккерлеріміздің, диқандарымыздың, механизаторларымыздың үлесі зор. Биыл Қызылорда облысында 161367 гектар жерге егін егілді. Жер-Анадан нәпақа күткен халықтың жаз бойғы маңдай тері ақталды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 35,9 млрд. теңгені құрады. Салаға қаржылай қолдау да жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, биыл облыстық бюджеттен 8,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,9 пайызға жоғары.
ДӘУЛЕТ
03 желтоксан 2014 г.
1 944
0
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №137 қаулысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу туралы 4-тармағына сәйкес 2 желтоқсандағы жүргізілген мониторинг нәтижесімен облыста АИ-92 маркалы бензині – 128 теңге, АИ-80 – 89 теңге, дизель отыны 115 теңгені құрап отыр, яғни 2014 жылдың 21 тамыздағы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бекітілген шекті бағалардан аспайтындығын жеткізеді.
АҚПАРАТ
03 желтоксан 2014 г.
857
0
Американдық инженер Кихи Сеймур Bionic Boots бәтіңкесін ойлап шығарды. Бұл бәтіңке өзгесінен бөлек. Оны киген адам құстай ұшып жүгіре алады. Сағатына 40 шақырымды артқа тастай алады.
ТАНЫМ
03 желтоксан 2014 г.
2 492
0
Сенбі күні Н.Бекежанов атындағы драма театрда «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының төл жобасы «Сыр жұлдыздары» байқауы 8 мәрте өз шымылдығын ашты. Телебайқаудың сахнасы 2012 жылы жеңімпаз атанған «ВОЙС» тобының өнерімен түрілді. Тұсауы кесілгеніне 10 жыл болған бұл телевизиялық жобаға осы уақыт аралығында 2000-нан аса жас талант қатысыпты.
РУХАНИЯТ
03 желтоксан 2014 г.
1 698
0