ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ

Үстіміздегі жылдың 5-7 қарашасында Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен елімізде тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық байқау болып өтті.

Байқауға еліміздің әр аймағынан 32 тер­меші қатысып, бақтарын сынады. Астана қа­ласындағы «Конгресс - Холл» сарайында өткен қорытынды кеште үздік деп танылған он термеші өз өнерлерімен көпшілікті сүйсінтті, жүлдегерлер марапатталды.

Республикалық байқауға облыстық тіл­дер­ді дамыту басқармасының жолдамасы­мен Қармақшы ауданы, Көшеней жырау атын­дағы «Жыраулар үйінің» директоры, жы­рау, Жиенбай жыр мектебінің өнерін наси­хаттаушы Серік Жақсығұлов пен облыс­тық халық шығармашылығын дамыту жә­не мәдени-продюсерлік орталығы жыр сек­то­рының меңгерушісі, «Мәдениет саласы­ның үздігі» төсбелгісінің иегері Майра Сәр­сен­баева қатысып, республика бойынша үздік он­дықтың қатарына енді.

Байқау қорытындысымен Серік Жақсы­ғұ­лов жүлделі ІІ орынға ие болып, 750 мың теңге сыйақының иегері атанса, Майра Сәрсенбаева ынталандыру сыйлығына ие болды.

Байқауға қатысушылар алдын ала берілген «Ұлытауда туған ұлы ойлар», «Киелі мекен – Ұлытау», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл», «Ұлттың қуаты – тілінде», «Тілден артық қасиет жоқ», «Сөз – халықтың қымбаттан қымбат қазынасы» тақырыптары бойынша өз ойларынан шыққан термелері мен белгілі ақын-жыршылардың шығармаларын орындады.

Термешілер өнеріне ҚР Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл, Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, ҚР мәдениет қайраткері Алмас Алматов, профессор Серік Негимов, әнші-термеші Клара Төленбаева қазылық жасады.

Ж.БАЛАБАЙҚЫЗЫ.


РУХАНИЯТ 03 желтоксан 2014 г. 1 518 0