ШИПАГЕРДІҢ ШАРАПАТЫ

Халық қалаулыларының елмен етене араласып, тұрғындар арасында талай-талай түйткілді мәселені шешудегі еңбегін айрықша айту ләзім. Солардың бірі – Қазалы аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Құлпыбай Ысқақ.
ҚОҒАМ 22 қараша 2014 г. 949 0

Жанармай бағасы қалыпты

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 Қаулысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу туралы 4-тармағына сәйкес 21 қарашадағы жүргізілген мониторинг нәтижесімен облыста АИ-92 маркалы бензині – 128 теңге, АИ-80 - 89 теңге, дизель отыны 115 теңгені құрап отыр, яғни 2014 жылдың 21 тамыздағы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бекітілген шекті бағалардан аспайтындығын жеткізеді.
АҚПАРАТ 22 қараша 2014 г. 608 0

СЕКСЕУІЛГЕ СЕРПІН БЕРГЕН ЖОБА

Сексеуіл облыс орталығынан ең жырақтағы қоныс. Ауданда көлемі жағынан Арал қаласынан кейінгі орынды иеленеді. Кентте 11 мыңға жуық адам тұрады. Бұл саны жағынан республикадағы кейбір аудан орталығымен теңеседі деген сөз. Мұндағы ағайынға базар, сауда қатары, шаруа қожалықтары, жанармай құю бекеттері, дәріханалар өзге де нысандар қызмет жасайды. Теңіз төскейінің әлеуметтік-экономикалық дамуына бюджеттік мекемелермен қатар теміржол саласы, кәсіпкерлер қомақты үлес қосуда. Тұрғындардың басым бөлігі телефон нүктесімен, «Activ», «Beeline» жүйесімен қамтылған.
ДӘУЛЕТ 22 қараша 2014 г. 904 0

ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан хал­қы­на арнаған Жолдаулары – мемлекетіміздің саяси, экономикалық дамуында ғана емес, еліміздің әлеуетінің артуына жан-жақты салаларда еңбек етіп, үлес қосып жүрген әрбір Қазақстан азаматы үшін де рухани, әлеуметтік дамудың басты бағдарлардың бірі. Елде татулық пен бірлік, рухани тұтастық пен ынтымақ, бейбітшілік пен тыныштық болмайынша, мемлекет дамуының қай саласында да өсу, өркендеу, даму болмайтындығын Елбасы өзінің әрбір Жолдауында баса айтып келеді. Еліміздегі ішкі тұтастықты қамтамасыз етуде өлшеусіз қызмет етіп келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл күндері айналамыздағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылығын туғызған ел бірлігінің маңызды механизміне айналды. Татулық бесігіне айналған көпұлтты Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс жасап жатқан ұлттық-мәдени орталықтар, жоғары оқу орындарында ашылған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары Елбасы Жолдауларында көрсетілген елдің рухани дамуының басым бағыттарын бағдар етіп, қарқынды қызмет етуде.
ҚОҒАМ 22 қараша 2014 г. 1 276 0

СЫНДАРЛЫ КЕЗЕҢГЕ СЕРПІНДІ ҚАДАМ

Жаңа Жолдаудың идея­сы анық, көтерілген мәсе­лелер нақты болды. Елбасы бүгінгі күн­нің жайбарақаттылық пен жайбасарлықты көтер­мей­тінін баса ескертіп, Жол­даудағы игі бастамаларды Үкіметтің елу күннің ішінде тап-тұйнақтай, ас­қан дәлдікпен орындау керектігін тапсырды. Жолдау кезіндегі Елбасымыздың тұғырлы тұлғасы, халық­тың әлеуметтік тұр­мыс жағдайларының жақсар­уына, олардың бақытты да бақуатты өмір сүрулеріне бағытталған құтты қадам екені кім-кімге де аңғарылып тұрды.
ҚОҒАМ 22 қараша 2014 г. 991 0

САЛАМАТТЫ ЕЛГЕ БАСТАР ЖОЛ

Елбасының халыққа арнаған әрбір Жолдауының ел болашағы үшін мәні мен маңызы зор. Соның ішінде денсау­лық мәселесін айрықша назарда ұстап, «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты бола­ша­­ғымыздың кепілі» екендігін алға қойды. Оны іске асыру жолында ұлт денсаулығын сақтау, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, саламатты өмір салтын жүргізу және отандық медицина ғылымын дамыту туралы нақты тапсырмалар берді.
ҚОҒАМ 22 қараша 2014 г. 980 0

АУЫЛ ЖЫЛЫНДАҒЫ АЙРЫҚШЫ ЖҮЗДЕСУ

Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған Қазақстан Тәуелсіздігіне биыл – 23 жыл. Елбасымыздың жақынды көріп, алысты болжап, ұлттың болашағы үшін жүргізген салиқалы саясаты арқасында тәуелсіздік біз үшін бейбіт жолмен келді. Бүгінгі біздің міндетіміз бен мақсатымыз – егемендік үшін жанын пида еткен батыр халқымыздың тәуелсіздік тұғырын баянды ету. Ата Заңымызда көрсетілгендей елдің ең басты байлығы, құндылығы адам делінген. Ол қоғамның қозғаушы және материалдық игілікті жасаушы күші. Бәрі де адам үшін, қоғамның игілігі үшін деген қағида, экономикалық тәуелсіздікке тікелей байланысты. Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, ең бірінші экономика, сосын саясат деген ұстанымы бұл күндері өзінің өміршеңдігін көрсетіп келеді.
ҚОҒАМ 22 қараша 2014 г. 1 146 0
БАҚЫТТЫ АДАМ

БАҚЫТТЫ АДАМ

Ұмытпасам, елу алтыншы жылғы (өткен ғасырдағы) тамыз айының орта кезі болар. Аптап ыстықтың беті қайтып, күн ауа самал соға бастаған кез. Шілденің шіліңгіріндегі шөл азабынан, аптаптың қамытынан құтылған малшы қауымның жүзіне жайдары қан жүгіре бастаған. Ыстық ығысқан соң көлеңке сағалаған төрт түлік, әсіресе қара қой қанат жая жайылып, етке шыға бастаған-ды.
ТАҒЫЛЫМ 22 қараша 2014 г. 1 274 0
Жүздің жүзін көрген қария

Жүздің жүзін көрген қария

Бүгінгі бақытты ұрпақ кинодан көріп, оқып-білген алапат Ұлы Отан соғысының куәсі, от пен оқтың арасында қан кешіп, аласапыранды көзімен көрген жанның бірі жаңақорғандық Жүніс Қабетенов қария.
ТАҒЫЛЫМ 22 қараша 2014 г. 1 762 0
Сыр өңірінде 207 шақырым электр желіcі жүргізіледі

Сыр өңірінде 207 шақырым электр желіcі жүргізіледі

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауының үшінші бағытында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесі нақты қамтылған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қараша 2014 г. 724 0