« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған Қазақстан Тәуелсіздігіне биыл – 23 жыл. Елбасымыздың жақынды көріп, алысты болжап, ұлттың болашағы үшін жүргізген салиқалы саясаты арқасында тәуелсіздік біз үшін бейбіт жолмен келді. Бүгінгі біздің міндетіміз бен мақсатымыз – егемендік үшін жанын пида еткен батыр халқымыздың тәуелсіздік тұғырын баянды ету. Ата Заңымызда көрсетілгендей елдің ең басты байлығы, құндылығы адам делінген. Ол қоғамның қозғаушы және материалдық игілікті жасаушы күші. Бәрі де адам үшін, қоғамның игілігі үшін деген қағида, экономикалық тәуелсіздікке тікелей байланысты. Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, ең бірінші экономика, сосын саясат деген ұстанымы бұл күндері өзінің өміршеңдігін көрсетіп келеді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тұралап қалған экономиканың түрлі салаларын жақсарту мақсатында Елбасының тікелей басшылығымен халықтың мәдени-рухани өмірін, денсаулығын көтеруде «Денсаулық жылы», «Мәдениет жылы», 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» бағдарламалары қабылданып пәрменді түрде қолға алынды. Осындай күш пен мүмкіндіктерді және халықтың ынта-жігерін көтеру мақсатында бұл бағдарламалар нәтижелі түрде жүзеге асырылуда. Осындай негізі қаланған бағдарламалардың бастауымен инвестициялық, инновациалық жобалар ел экономикасының барлық салаларына батыл еніп, ол бұл күндері ұлттың инновациялық жаңашыл Қазақстанның қуаттылығы мен бәсекеге деген қабілетін арттыруда. Біз және бүгінгі аға ұрпақ қандай деңгейде қызмет атқарсақ та, сол бір елдің сыналар шағында халықпен бірге болып, Елбасының саясатын, бағыт-бағдарламаларын, халыққа жолдаған Жолдауларын іске асырудың ұйытқысы бола білдік. Ел игілігі үшін атқарған еңбегіміздің арқасында Елбасымен кездескенімді мақтаныш тұтамын.
2003 жылдың сәуір айының 13 жұлдызында Елбасы іссапармен біздің облысқа келді. Әрине, Мемлекет басшысының аймаққа келуі, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды көруі, халықпен, елмен кездесіп, тілегін тындауы азаматтар үшін үлкен ғанибет еді. Осы жылы Елбасының «Ауыл жылы» бағдарламасы қабылданып, жүзеге аса бастаған кезең еді. Мен ол кезде Бұқарбай батыр ауылының әкімі болатынмын. Елбасы сол күні «Құмкөл» кенішінде болып, түске таман Қараөзектегі салынып жатқан су тоспасын көріп, Қалжан ахун ауылына келді. Ауылдың шағын клубына облыстың басшылары, түрлі деңгейдегі әкімдер, іскер кәсіпкерлердің шағын тобы шақырылыпты. Президент өте жақсы көңіл күйде келді. Кездесуге келген клубтың ішінде отырған азаматтармен еркін амандасып, елдің амандығын, көңіл-күйін сұрап, Ауыл жылының алғашқы басталу бағдарымен танысты.
– Қазақтың қаймағы бұзылмаған, бірлігі мен тірлігі жарасқан, Сыр – Алаштың Анасы аталған елге, оның ішінде имандылық пен ағартушылықты халықтың бойына дарытқан, мешіт салып, жастарды білім нәріменен сусындатқан, ғұлама Қалжан ахун негізін қалаған ауылға келіп, сіздермен дидарласып, сұхбаттасып «Ауыл жылын» бастаудағы істерімізге ғұлама аруақтың шарапаты тисін деген тілекпен келіп отырмын, – деп сөзін бастады Елбасы. Мемлекет басшысы елдегі атқарылып және атқарылуға тиісті жұмыстардан, ішкі және сыртқы саясаттан хабардар етіп, қойылған сауалдарға жауап беріп сыртқа беттеді. Біз де орнымыздан тұрып, Елбасымен сәлемдесе бастадық. Президент менің төсімдегі «бейджімді» көзі шалып қалып:
– Ал, ауыл әкімі жағдай қалай? – деп бірден сұрақ қойды.
Мен өзімді таныстырдым.
– Нұрсұлтан Әбішұлы! Жылдың алғашқы айында Сыр еліне келіп, өзіңіз айтқандай ғұлама Қалжан ахунның ауылына ат басын тіреп, «Ауыл жылында» басталып жатқан игі ісіңіз берекелі болып, халықпен кездесудегі елге айтқан тілегіңіз қабыл болсын, – деп қос қолыммен сәлем бердім.
– Өзіңе де соны тілеймін, – деді Президент. – Елдің жағдайы қалай? «Ауыл жылы» қалай жүзеге асырылып жатыр? Түптеп келгенде, соны жүзеге асыратын сендерсіңдер ғой, – деді Елбасы салмақпен. Президентке мен ел жайлы, өтпелі кезеңдегі орын алған қиындықтарды, оны жеңу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстарымызға толық мағлұмат беруге тырыстым.
– Мен әкім болып қызмет атқарып жүрген Бұқарбай батыр ауылы – аудандағы іргелі елді мекен. Кешегі Кеңес дәуірінде, татулығы мен достығы жарасқан он екі ұлт өкілдері бір кісінің баласындай еңбек етті. Ел байлығын тасытты. Олар да айтарлықтай із қалдырды. Бүгінгі қоғам өзгеріп, заман жаңарып жатқанда өтпелі кезеңнің азды-көпті қиындықтарын жеңіп, артқа тастадық. Сіздің тікелей басшылығыңызбен қабылданған «Денсаулық жылында», бұрынғы қысқарып, жабылып қалған жиырма бес төсектік ауыл ауруханасын шағындап жөндеп, емханаға айналдырдық. Қазір онда дәрігер мен бірнеше денсаулық қызметкерлері еңбек етуде. «Мәдениет жылында» төрт жүз жиырма орындық мәдениет үйін жөндеп, қалпына келтірдік. Бұл жұмыстарға ауылдан шыққан кәсіпкерлер мен шаруашылық құрылымдары демеушілік жасап, көмек көрсетті. Олар ойын-сауық құралдары мен көркемөнерпаздарды киім, тағы басқа заттармен қамтамасыз етті. Бұл жылдар өзінің нәтижесін беріп, жақсы аяқталды. Биыл басталған «Ауыл жылы» бағдарламасын халық түсінікпен қабылдап жүзеге асыруда. Халық бұрынғыдай "мені мемлекет асырайды” деген масылдықтан арылып, жаппай еңбек етуге кірісті. Мал ұстап, егін егіп, тіршілік жасауда. Майда шаруа қожалықтары бірігіп серіктестіктер құрылуда. Елде кіші кәсіпкерлік дамып келеді. Іскер азаматтар мен инвесторлар ауылға бет бұрды, олардың арасында өзара іскерлік ахуал қалыптасуда. Мемлекет тарапынан егіншілерге субсидия берілуде. Жанар-жағармайға, минералды тыңайтқыштарға жеңілдік жасалуда” деп ауылдың жайын жеткіздім.
Елбасы әңгімесінде "Оларға жасалып жатқан қолдаудың бұл басы. Егіншілерге де, мал ұстаушыларға да жеңілдетілген несие, үлкен көлемде субсидия беріледі. Шағын, орта кәсіпкерлерге салық жеңілдетіліп, олардың жұмысына кең өріс ашылатын болады. Осыны сендер өздерің түсініп, соларға жеткізіңдер. Әкімдер істің нақты орындалатын жерінде елдің барлық тіршілігіне бас-көз болып жүрген, сенімге ие болған азаматсыңдар. Елдің хал-жағдайы, ахуалы, жастар тәрбиесі, тәртібі, ауызбіршілігі сендердің іс-әрекеттеріңе байланысты, осы істердің ұйытқысы бола білулерің керек”, – деп ақыл-кеңесін берді. Елбасының ақыл-кеңесі, ел қамы үшін айтылған өсиет сөздері мені қанаттандырып, бойыма күш-жігер, қайрат берді. Мен де шабыттанып: – Нұрсұлтан Әбішұлы, халқыңыз, еліңіз сізбен бірге, біз сіздің салиқалы саясатыңызды қолдаймыз. Ел үшін жасап жатқан игі істеріңізді жүзеге асыруда аянбай еңбек етеміз – дедім. Елбасы да тілегіме риза болып, ал суретке түсейік” деді. Елбасымен кездесудегі көтеріңкі көңіл күйде болған біздер ескерткіш суретке түстік. Сол жолы Мемлекет басшысы ауылдағы жұмыстың барлық ауыртпалығын иықтарымен көтеріп, халқымен бірге жүрген ауыл әкімдеріне су жаңа автокөліктердің кілтін тапсырды.
Елбасымен кездескенімді ешуақытта ұмытпаймын! Ол бүкіл өмірімнің жарқын белесі.
Рысбай КӘРІМОВ,
Бұқарбай батыр ауылының бұрынғы әкімі, еңбек ардагері, Жалағаш ауданының құрметті азаматы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |