«Байқоңыр» командасына құрмет көрсетілді

Облыс әкімінің орынбасары, облыстық футбол федерациясының президенті Нұржан Әлібаев «Байқоңыр» футбол клубын қабылдап, екінші лигада жеңіске жеткендері үшін марапаттады.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 829 0

Тоғызқұмалақтың электрондық нұсқасын жасаған

Жуырда «Сыр үміті» сыйлығының иегері атанған, №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Бағлан Төлебай тоғызқұмалақ ойынының электрондық бағдарламасын жасады. «Алда да осындай ұлттық жобаларды іске асыру үшін ең алдымен компьютерлік технологиялардың «жілігін» шағуым керек» дейді жас дарын. Бағланның бойындағы талантты танып, оны ғылым жолындағы алғашқы адымынан қанаттандыруды өзімізге парыз санадық.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 965 0

ЖАСТАР БАСҚАРҒАН ЖАҢА ӨНДІРІС

Жыл басында ашылып, іске қосыл­ған бұл жаңа зауыт туралы аймақтық, республикалық ақпарат құралдары ке­­зінде хабарлар берді. Әңгіме, авто­көліктердің ескірген жарамсыздоңға­лақтарын механикалық қайта өңдеуден өткізу арқылы сұранысқа ие, бүгінгі күнге қажетті дүниелер шығарып жатқан «Smart rubber» ЖШС туралы болып отыр. Әйтсе де, бүгінгі мақаламызда осы өндіріс жайлы бұған дейін оқырмандарға жетпеген жайларды қамтуға тырыстық.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 881 0

ҚАҺАРМАНДАР РУХЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің ардагерлер кеңесі қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде марқұм болған әріптестерін еске алып, ас берді.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 788 0

Жемқорлыққа жол берілмейді

Қазір ел алдында тұрған өзекті мәселенің бірі –мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың іс-әрекеттерін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, тиімді шетел инвестициясы жолында басты кедергі болып табылады. Адал, әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, мұндай бизнесті тиімсіз етеді және экономиканың дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына қатысты сипат алып, бұрынғыдан бетер өзектілене түсуде.
ҚОҒАМ 07 қазан 2014 г. 853 0

БІЛІМНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Ел ертеңі болатын бүгінгі ұрпақтың білімді де тәрбиелі азамат болып ержетуіне бірден-бірүлес қосатын тұлға – ұстаз. Сондықтан да оларға зор жауапкершілік пен міндет жүктелген. Сол міндетті орындау жолында ұстаздар қауымының уақытпен санаспай, өлшеусіз еңбек етіп келе жатқаны аян. Елбасының өзі де "Тәуелсіздік туы – білімді ұрпақ қолында” деп атап көрсеткен болатын-ды. Мұның өзі елдің жарқын болашағын қалыптастыру жолында ұстаздар қауымына сеніммен артылған міндет саналады. Бүгінгі ұстаз сол сенім үдесінен шығу жолында ізденіспен тер төгіп келеді. Олардың қатарында Қызылорда қалалық білімбөліміне қарасты 58 мектептің ұстаздар қауымы да бар.
ҚОҒАМ 07 қазан 2014 г. 1 186 0
ҚЫЗЫЛҚҰМ ҚОЙНАУЫН ДҮБІРЛЕТКЕН ТОЙ

ҚЫЗЫЛҚҰМ ҚОЙНАУЫН ДҮБІРЛЕТКЕН ТОЙ

Өткен демалыс күндері Қызылқұмның төсі дүбірге бөленіп, алыстағы Жаңақалаға ағылған ағайында есеп болмады. Жаңақаланың жартығасырлық тойының даңқы бүкіл елді шарлағаны мерекеге әзірлік барысынан анық байқалатын. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, ауылдың топырағында өскен, қазір еліміздің әр түкпірінде қызмет етіп жүрген түлектердің туған жердің төсінде өтетін басқосуға өз үлестерін қосатынына жұртшылық «бәрекелді» десті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 1 503 0
ҚАЗАЛЫДАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ

ҚАЗАЛЫДАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ

Бабалар ерлігі елге ұран, ұрпаққа үлгі. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың Қазалы ауданына жасаған іссапарын халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының бейітіне тағзым жасаудан бастауы осыны айғақтағандай. Таяу күндері бабамыздың 240 жылдық мерейтойы облыс бойынша кең көлемде аталып өтілмекші.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 1 165 0

СЫР ЕЛІНДЕ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛМАҚ

8-9 қазан күндері Сыр елінде түркі тілдес халықтардың «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» халықаралық дәстүрлі музыкалық өнер фестивалі өтеді деп күтілуде. Оны Қызылорда облысы әкімдігі мен халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы ұйымдастырып отыр.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 1 007 0

ӘРІПТЕСТІК АЯСЫ КЕҢЕЮДЕ

Үстіміздегі жылдың 3 қазанында Мәскеу қаласында К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды. Жиынға университет оқытушылары мен осы оқу орнында білім алып жатқан қазақстандық студенттер мен магистранттар қатысты.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 720 0