«Жолаушылар тасымалы» АҚ 14 қарашадан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге динамикалық баға белгілеу жүйесін енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның үстіне пойыз жүрер уақытта сұранысқа сәйкес билет құны өзгереді. Бұл жайында компанияның баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 қыркүйек 2014 г.
923
0
Сенбінің шуақты күнінде Сырдария ауданы Шаған ауылында Есентемір бабаға арналған кесене ашылды. Кіші архитектуралық форма кешені болып бой көтерген ескерткіш маңайынан көк майсалы демалыс саябағы да орын тепті.
ТАНЫМ
23 қыркүйек 2014 г.
3 195
0
Жаратушы Алла әйел пешенесіне соншама бейнетті үйіп бергенімен соның қайтарымындай, оны мейірім шуағына шомылдырып, еміреніп бала сүю, ана болу бақытын маңдайына жазыпты. Әр ана өз қанынан, жанынан жаралған кіп-кішкентай тіршілік иесін бауырына басып, оның ғажап иісін емірене иіскесе, бүлдіршінінің бал қылығын тамашаласа өзінің барлық өкпе-ренішін, шаршағанын ұмытып, ғажайып бір күй кешері анық.
ҚОҒАМ
23 қыркүйек 2014 г.
1 231
0
Жақында қаладағы "Дидар” мейрамханасында қазақ баспасөзінің майталманы, әзіл-оспақтың ауызша айтқыры, журналист Орман Нұрхабаевтың 100 жылдығына арналған шара өтті. Еңбек жолын саяси бөлімнің орынбасары қызметінен бастаған Орекең өзінің бар ғұмырында талай баспалдақтан өтті. 19 жасар балаң жігіттің ұшқыр қаламын бағалаған аға буын өкілдері оны газет жұмысына шақырды. Еңбек жолын сонау Сарыағаш аудандық газетінде бастаған Орекең кейіннен Шиелі аудандық "Стахановшы” газетінің редакторлық қызметіне тағайындалды.
РУХАНИЯТ
23 қыркүйек 2014 г.
1 071
0
Облыс прокурорының орынбасары Руслан Райхановтың төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында уәкілетті органдардың үстіміздегі жылы қоғамда тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік” қағидасын және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға жүргізілген тексеру қорытындысы қаралды.
ҚОҒАМ
23 қыркүйек 2014 г.
927
0
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Парламентке 4 жаңа кодексті: Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-орындаушылық және Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексті әзірлеп, енгізу керек, – деген болатын.
ҚОҒАМ
23 қыркүйек 2014 г.
1 422
0
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Жеті атаға дейінгі туысқанын «жақыным» деп құрметтеп, алыс туысын да «қаным» деп бауырына тартқан қазақ үшін отбасы ұлы құндылықтардың бірі саналған. Бүгінгі осы құндылықтарды жаңғырту, ыстық ұяның қадір-қасиетін жете бағалау – басты мәселенің бірі. Осы орайда, Қазақ елі өткен жылдан бері «Отбасы күні» мерекесін дәстүрлі түрде тойлап келеді.
ҚОҒАМ
23 қыркүйек 2014 г.
1 217
0
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен алдағы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай облыс көлемінде түрлі іс-шаралар, семинар мен акциялар болып өтті. Оларды өткізудегі басты мақсат – көпшіліктің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тұрғындарды тіл тазалығына шақыру.
ҚОҒАМ
23 қыркүйек 2014 г.
907
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде 1 қыркүйектен бастап мүлікті жария ету акциясы басталды. Қазірде республиканың бүкіл аумағында мүлікті жария етуге байланысты науқанның басталып, жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған комиссиялар осы шараға кірісіп кеткені белгілі. Осыған байланысты Қызылорда облыстық әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаеваға жұртшылықты қызықтырған мәселелерге байланысты сауалдар қойған едік.
ҚОҒАМ
23 қыркүйек 2014 г.
823
0
«Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» қызметін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
АҚПАРАТ
23 қыркүйек 2014 г.
936
0