ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН ӘУЛЕТ

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Жеті атаға дейінгі туысқанын «жақыным» деп құрметтеп, алыс туысын да «қаным» деп бауырына тартқан қазақ үшін отбасы ұлы құндылықтардың бірі саналған. Бүгінгі осы құндылықтарды жаңғырту, ыстық ұяның қадір-қасиетін жете бағалау – басты мәселенің бірі. Осы орайда, Қазақ елі өткен жылдан бері «Отбасы күні» мерекесін дәстүрлі түрде тойлап келеді.

 

«Ұяда не көрсең, ұшқанда со­ны ілерсің» дегендей, адам ба­ла­сының іс-әрекеті де, арман-мақ­саты да, тіпті өмірлік бағыты мен мамандығы да өз отбасында қалып­тасады. Алып бәйтеректей әке мен отбасының ұйытқысына айналған анаға қарап, өзінің өмірлік жолын айқындап, ата дәстүрін жалғап, дәс­түрлі ісін жаңғыртып келе жатқан ізбасарларды көптеп кезіктіруге бо­лады. Ал оған мысалды алыстан іздемей-ақ, облыстық ішкі іс­тер органдарында отбасымен қыз­мет етіп жүрген, полицейлікті ор­­тақ мамандыққа айнал­дырған жан­дарды айта аламыз. Осындай от­ба­сылардың қатарына бір шаңы­рақтың өрелі ісін жалғап, ішкі іс­тер органдарында бүгінде үшінші буыны абыройлы қызмет атқарып келе жатқан Мұхтаровтар әулетін айта аламыз. Отбасындағы аяулы әке Абдулла Мұхтаров, өзі өмір бойы еңбек еткен құқық қорғау са­ласын бағалай білген және ба­лаларын да өз жолын таңдауға үй­­рет­кен. Ол сонау алпысыншы жыл­­дардың аяғында ішкі істер са­­ла­сындағы қызметін лейтенант ше­­­ні­мен бастап, адал еңбегінің ар­­қа­сында облыстық дәрежедегі бас­­шылық қызметтерге дейін көте­ріл­ді. Өмірінің отыз жылын құқық қорғау қызметіне арнап, 1989 жылы подполковник шенінде құрметті еңбек демалысына шықты. Ал оның төрт бірдей ұлы тәртіп сақ­шысының қызметін өмірлік жолы ретінде таңдап, қазіргі таңда құқық қорғау саласында нәтижелі еңбек етуде. Полицейлер династиясының үшінші буыны – немерелері де ата дәстүрін жалғап, әке жолын қуып, осы салада адал қызмет етіп келеді. Айта кету керек, Мұхтаровтар әу­ле­ті – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай, қалалық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған «Ме­рейлі отбасы» ұлттық сайысының қорытындысы бойынша ІІІ дәреже­лі диплом иегері атанды.

Ата-ана аманатына адалдық та­нытып, ата жолын жалғап келе жат­қан тәртіп сақшыларының бірі – Әлиевтер отбасы. Осы от­ба­­сының дені тәртіп сақшысы қыз­метін кеңес милициясынан бас­тап, Қазақстан полициясында жал­ғастырып келеді. Қалалық ІІБ-нің аға анықтаушысы, полиция майоры Марина Әлиеваның әкенің ізін ба­сып, ішкі істер органдарында қыз­мет атқарып келе жатқанына он жыл­дан асты. Өзінің қызметтік идеа­лы санаған әкесі – Ескендір Әли­ев те отставкадағы офицер, осы са­лада отыз жылдан астам уақыт еңбек еткен. Ал, Маринаның ағасы Зұлқарнай Әлиев те кезінде ішкі істер органдары жүйесінде адал қызмет етіп, Жалағаш аудандық ІІБ бастығы орынбасарының қызметін атқарған. Маринаның нағашылары да тәртіп сақшысы қатарында қыз­мет етеді. Олар үшін полицей абы­ройынан биік ештеңе жоқ, офи­церлік нышанды киім Әлиевтер үшін ең әдемі әрі сәнді киім.

Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет етіп келе жатқан тағы бір полицейлер от­басы – Анафиндер әулеті. Тек сырлас, мүдделес отбасы ғана емес, сондай-ақ қызметтік мәселелерді бірге шешіп, кәсіби міндетті бірінші орынға қойып келе жатқан погонды отбасылардың бірі және бірегейі. Әулеттің үлкені – Кеңесбек Ана­фин, ішкі істер органдарында бір­не­ше жыл бойы қызмет атқарып, 1988 жылы құрметті зейнет дема­лысына шыққан. Балаларына адам­­дық қасиетті ғана емес, пат­ри­оттық тәрбиені де қатар беріп, Отан­ға қалтқысыз, адал қызмет ету­­ді қандарына сіңіре білді. Мә­селен, қос ұлы Нұрланбек пен Мей­рамбек облыстық ішкі істер де­партаментінің жол полициясы бас­­қармасында қызмет атқарып, зей­неткерлікке шықты, ал Кен­же­бегі осы салада, қалалық ішкі іс­тер басқармасының взвод ко­мандирі болып абыройлы қызмет етуде. Қыздары Рая мен Света да ерлермен тізе қосып, әскери қыз­меттің қиындығына қарамай, қо­ғамдық қауіпсіздікті күзетіп ке­леді. Бірі облыстық ішкі істер де­партаментінің кәмелетке толма­ғандарды уақытша оқшаулау ор­та­лығының бастығы қызметін ұзақ жылдар бойы атқарып, 2010 жы­лы құрметті зейнет демалысына шық­са, екіншісі облыстық ішкі істер де­партаментінің мемлекеттік күзет бөлімінің инспекторы қызметін ат­қарады. Погонды отбасының үшін­ші буыны, яғни Кеңесбек Ана­финнің немерелері де құқық қор­ғау органдарында жұмыс іс­теуді өмірлік таңдауы еткен. Мей­рамбектің ұлы Ғабит Анафин қа­лалық ішкі істер басқармасы ЖП­ПБ-ның полицейі болып қызмет атқарады.

Облыстық ІІД-де қызмет ат­қа­рып келе жатқан тыныштық кү­зет­шісі болуды Отан алдындағы па­рызым деп білетін отбасылардың қа­тарында Бекетовтер, Қоразбаевтар, Әділовтер, Ысқақовтар мен Әбжа­лов­тар әулеті де бар. Мұндай от­басыларда әскери қызметтің қи­ын­дығы мен жауаптылығына қа­ра­мастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек ету­ді өмірлік мақсаты етер кі­ші буын өкілдері тәрбиеленіп жа­тыр. Ал алдыңғы толқыны тек әс­ке­ри қызмет атқаруға деген құл­­шынысын қолдауға, бағыт-бағ­­дар, түсінік беруге дайын екен­­дігін көрсетіп келеді. Ең бас­ты­сы, барлығының ұстанатын ор­тақ қағидасы – әскери қызметке адал­дық,қиын да жауапты істі абы­роймен атқару.

Түйіндей келе, отбасы – ға­рыш­кердің де, полицейдің де, дә­рігер мен ұшқыштың да қанатын қа­тайтып, өмірлік бағыт беретін қара шаңырағы. Одан қазақтың ерік-жігері, күш-қайраты мықты батырлары мен халықтың тыныш­тығын күзете отырып, әке жолын жалғастырар адал әрі ержүрек ұр­пақ тәрбиеленіп шығатыны сөзсіз. Қазақ «атаға қарап, ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дейді. Себебі, бала әке-шешесінің үлгі-өнегесін кө­ріп өседі. Ал, Отанына адал әрі абыройлы қызмет етіп, ел үшін от пен суға түсуге әзір жанның ұрпағы жігерсіз болмасы анық. Сондықтан, елдегі тұрақтылық пен халық тыныштығын күзеткен, елге қорған болып жүрген отбасында да Қазақ елінің болашақ қорғаушылары, батырлары тәрбиеленіп жатқанына сенім мол. Ішкі істер органдары қызметкерлері қоғамдық қауіпсіз­дікті күзете жүріп, ізін жалғар, ісін жалғастырар кадр даярлап жатыр деуге әбден болады.

Махмудин ШОҚАТАЕВ,

ОІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі.


ҚОҒАМ 23 қыркүйек 2014 г. 1 168 0