« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Парламентке 4 жаңа кодексті: Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-орындаушылық және Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексті әзірлеп, енгізу керек, – деген болатын.
2014 жылғы 5 шілдедегі ҚР ӘҚБт кодексі 694-бабының Әділет органдары туралы бөлімінде осы кодекстің 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 460, 466, 468, 491-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтыны көрсетілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға зияткерлік меншік құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әділет органдарының басшысы мен олардың орынбасарлары құқылы, – делінген.
Жаңа кодексте зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша, 2001 жылғы 30 қаңтардағы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 128, 129-баптары алынып тасталынған. Ал, 145-бап ҚР ӘҚБтК-тің 2014 жылғы 5 шілдедегі басылымында 158-бап, «Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану» деген баппен ауыстырылған. Әділет органдары кодекстің 158-бабы бойынша ғана әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс-материалдарын қозғау қарастырылған.
Зияткерлік меншік саласы бойынша 2014 жылғы 3 шілдедегі ҚР Қылмыстық кодексінің 198-бап, «Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу», 199-бап, «Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу», 222-бап, «Тауар белгісін заңсыз пайдалану» баптары болып қалыптастырылған.
Қазіргі таңда, облыстық әділет органдары зияткерлік меншік саласы бойынша кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамдарының қылмыстық теріс қылықтары сатысына аударылуына байланысты құқық қорғау органдарымен жыл аяғына дейін құқықтық түсіндіру жұмыстары, яғни семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу, жергілікті газеттерге мақалалар жариялау жұмыстарын жүргізуде.
Аталған кодекс 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Парасат ӘШІРБЕК,
облыстық әділет департаментінің инспекторы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |