« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен алдағы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай облыс көлемінде түрлі іс-шаралар, семинар мен акциялар болып өтті. Оларды өткізудегі басты мақсат – көпшіліктің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тұрғындарды тіл тазалығына шақыру.
***
Айтулы мерекеге орай облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысы Әлімжан Жарылқағанов бірқатар аудандардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тіл мамандарын, оқу орындары, тілдерді оқытудың өңірлік орталығының оқытушылары мен өзге саладағы мемлекеттік тіл жанашырларын қабылдап, олардың атқарып жатқан істеріне ризалық білдірді. Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда белсенділік танытқан тіл жанашырларын басқарманың Алғыс хатымен марапаттады.
***
"Ономастика мәселелері” деген атпен өткен облыстық семинарда ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бөлімінің басшысы А.Әбжалиева елімізде өткен жылы қабылданған "ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңынан туындайтын бірқатар мәселелерге талдау жасады.
Семинарда жергілікті ғалымдар мен тіл жанашырлары, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері басшылары мен тіл мамандары мемлекеттік тілді, ұлттық ономастика жүйесін дамыту, оны қабылданған тәртіпке сәйкес жүргізу жайында ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
***
Тіл мерекесіне орай "Нұр Отан” партиясының қоғамдық бірлестігі қалалық филиалының "Жас Отан” жастар қанаты жанынан құрылған "Таза тіл” жастар тобының мүшелері облыс орталығындағы тасымал көліктері мен жеке кәсіпкерлік нысандарда мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру, тіл тазалығын сақтау мақсатында осы тақырыпта акция өткізді.
Акция барысында топ мүшелері жолаушыларға мемлекеттік тілдің құқықтық мәртебесі, қазақ тілін меңгерудің маңыздылығы мен қажеттілігі жайлы әңгімеледі. Сонымен бірге тұрғындарға тілді құрметтеуге шақыратын парақшалар таратып, ана тілімізде еркін және таза сөйлеуге, тіл мәдениетін сақтауға шақырды.
***
Қаладағы "Бегім ана” балабақшасында осы тақырыпта акция өтіп, тіл басқармасы тарапынан бүлдіршіндерге қазақ тілін үйренуге арналған электронды аудиожинақтар, дидактикалық құралдар, түрлі әдебиеттер, ертегі жинақтары мен журналдар таратылып, сый-сияпат жасалды. Акция барысында сөз алған басқарма басшысы бүлдіршіндердің бақытты да қуанышты сәттерінің мол болуына, тәрбиешілердің жұмысының жемісті болуына тілектестік білдірді.
Осы акция аясында қаладағы "Алтын кілт”, "Ер Тарғын”, "Алтын ұя”, "Қызғалдақ”, "Балапан” және "Ер Төстік” балабақшасының әдіскерлеріне де аудиожинақтар мен әдістемелік құралдар таратылды.
***
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның қолданыс аясын кеңейту және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында тіл басқармасы облыстық жастар саясаты басқармасымен бірлесе "Мәңгілік ел – мәңгілік тіл” тақырыбында флэш-моб өткізді. Оған "Таза тіл” жастар тобының мүшелері, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.
Жастардың қазіргі заман талабына сай өркениет елдерінің тілін меңгергені, өзге тілде таза сөйлегені өте жақсы. Ол жастардың заман көшіне ілескенін айғақтайды. Солай бола тұрғанымен, әр қазақ баласының өз ана тілінде ойлап, мемлекеттік тілде таза сөйлегені оның мәдениеттілігі мен зиялылығынан хабар береді. Сонымен қатар ұлтжандылығын айғақтайды. Олай болса, әркім ең алдымен өз тілін құрметтеуге үйренгені абзал.
Гүлнұр РЕЙМБЕРГЕН.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |