« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жақында қаладағы "Дидар” мейрамханасында қазақ баспасөзінің майталманы, әзіл-оспақтың ауызша айтқыры, журналист Орман Нұрхабаевтың 100 жылдығына арналған шара өтті. Еңбек жолын саяси бөлімнің орынбасары қызметінен бастаған Орекең өзінің бар ғұмырында талай баспалдақтан өтті. 19 жасар балаң жігіттің ұшқыр қаламын бағалаған аға буын өкілдері оны газет жұмысына шақырды. Еңбек жолын сонау Сарыағаш аудандық газетінде бастаған Орекең кейіннен Шиелі аудандық "Стахановшы” газетінің редакторлық қызметіне тағайындалды.
Елуінші жылдың басында журналист Орман Нұрхабаев облыстық "Ленин жолы” газетінің партия тұрмысы бөлімінің меңгерушілігіне бекіді. Басылымда ұзақ жыл қызмет істеген Орекең облыстық баспахананың директоры болып тағайындалып, саланың материалдық базасын нығайтты. Газетті сапалы шығаруға күш-жігерін жұмсады.
Мерейтой кешінде жиналғандар азаматтың ерен еңбегі жайлы баса айтты. Соғыс және еңбек ардагері Тәнеш Оразов, ақын Әскербек Рахымбекұлы, журналист, сатирик Өтеген Жаппархан, Шайхыслам Серікбаев, еңбек ардагері Хамит Ембергенов, Ибрагим Әбибуллаевтар жылы лебіздерін білдірді. Кеш соңында Орекеңнің қарындасы, тоқсаннан асқан ардагер Әсемкүл Нұрхабаева, туысы Ахан Оразов қалың жұртшылыққа алғыстарын жеткізді.
Қайыр ҚОРАСАНИ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |