ЕҢБЕККЕРЛЕР МҮДДЕСІ БАСТЫ БАҚЫЛАУДА

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын құру негізінде Елбасы Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі "Еңбек күні” болып жарияланды. Мұнда еңбек адамының беделін көтеру, жұмысшылар әулетінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту, жас­тарды өндіріс салаларына мейлінше тарту мақсат етіп қойылған. Біз осыған орай еңбекшілер мүддесін қорғау шаралары жө­­нінде Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау бас­қар­масының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаевпен сұхбаттасқан едік.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 814 0

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – БІРЛІК ТІЛІ»

Тіл қоғаммен бірге өсіп-өнеді, қалыптасып, дамиды. Тіл мәселесін шешуде қоғамдық ұйымдардың маңызы зор болмақ.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 861 0

МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘҢГІЛІК ТІЛ

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай аймағымызда түрлі іс-шаралар жоспары жасалып, онкүндік жарияланған болатын. Осы негізде облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мұ­рындық болуымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да "Мәңгілік ел – мәңгілік тіл” тақырыбында флэш-моб болып өтті. Оған "Нұр Отан” партиясы қалалық филиалының өкіл­дері, "Жас Отан” жастар қанатының жанынан құрылған "Таза тіл” жастар тобы мүшелері және белсенді жастар ұйы­мының жетекшілері, аталған мекеме қызметкерлері қатысты. Шараны облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ә.Жарылқағанов ашып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, аталмыш мерекеге орай облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесе отырып, балабақшаларда, орта және жоғары оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, отандастарымыздың ана тілін жоғары бағалап және отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Жиын барысында жастар тіл жайында арнаулар оқып, сахналық көріністер көрсетіп және патриоттық әндер шырқады. Шара соңында ұйымдастырушылар жастарды ана тілін құрметтеуге, тіл саясатын жүйелі арттыруға өзіндік үлес қосуға және тіл тазалығын берік ұстануға шақырды. Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 944 0

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ

«Қазақстан Республикасының азамат­тарына, оралмандарға және Қазақстан Рес­пуб­ликасында тұруға ықтиярхаты бар адам­­дарға олардың мүлікті жария етуіне бай­­ланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жыл­ғы 30 маусымдағы №213-V Заңы қабыл­данды.
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 1 275 0

ИННОВАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өткен жылы елімізде «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы бастау алған болатын. Бұл ҚР Үкіметінің өңірлік даму саласындағы саясатын жүзеге асыруда консультативтік, заңнамалық, стратегиялық және институционалдық технологиялармен қолдау көрсететін Еуропалық Одақтың техникалық көмек жобасы болып табылады. 
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 1 015 0

ҚАЗАЛЫДАҒЫ ҚАУЫРТ ҚИМЫЛ

«Еңбектің – наны тәтті». Бұл күндері Қазалыда еңбек дүбірі қыза түсті. Егіс танаптарынан естілген мотор үні бір сәтке де толастар емес. Ауа райының қолайлы кезеңін ұтырлы пайдаланған диқан қауымы ырзық-несібесін ысырапсыз жинап алуға тырысып бағуда. Аудан әкімі Бақыт Жахановтан бастап ат арқасындағы азаматтарды да алқап басынан жиі жолықтырасыз. Бұл түсінікті де. Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 764 0

1 ҚАЗАН – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ КҮНІ

Облыстық сайлау комиссиясы «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы­ның 26-бабының 2-тармағына сәйкес облыстық, Қызылорда қалалық және барлық аудандық мәслихаттары депутаттарының (таңдаушылардың) тізімін жариялайды.
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 1 965 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Бекмырза Қайыпұлы Еламанов

Еламанов Бекмырза Қайып­­ұлы 1950 жылы 1 қаң­тар­да Қызылорда облысы­ның Қармақшы ауданында «Қорқыт» теміржол бекетінде дүние­ге келген. Алматы зоо­тех­никалық-малдәрігерлік инс­титутын 1974 жылы «ға­лым-зоотехник», Мәскеу ха­лық­аралық бизнес және ақ­па­раттық технологиялар уни­­вер­ситетін «экономист» ма­ман­дықтары бойынша тә­мам­даған.
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 1 029 0
АРДАГЕР ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

АРДАГЕР ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Сыр бойындағы журналистика­ның қалыптасу мен даму кезеңдерін зерделеген адам екі тілде шығатын облыстық газеттерге соқпай өтпейді. Аймақ басылымдарының атасы саналатын 85 жылдық тарихы бар «Сыр бойының» ізін ала «Кызылординские вести» газеті де осы белесті бағындырады. Басылымда әр жылдары еңбек еткен қаламгерлер бүгінгі буынға ақыл-кеңесін айтудан жалыққан емес.
ТАҒЫЛЫМ 20 қыркүйек 2014 г. 1 154 0

МАҢЫЗДЫ НЫСАН НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛҒАН ЕМЕС

Тереңөзек кентінің тұсынан салынған көпірдің пайдалануға берілуі сол елде туып-өскен мені үлкен қуанышқа бөлеп отыр. Әрі облыс халқы ұзақ күткен нысанды салуға үлес қосқан азамат жайлы айта кетуді жөн көріп отырмын. Бұл ойға басылымдардың бірінен құрылысқа бөлінген қаржыға қатысты сенімнен гөрі күдігі басымдау материалды оқыған соң бекідім.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 820 0