« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Өткен жылы елімізде «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы бастау алған болатын. Бұл ҚР Үкіметінің өңірлік даму саласындағы саясатын жүзеге асыруда консультативтік, заңнамалық, стратегиялық және институционалдық технологиялармен қолдау көрсететін Еуропалық Одақтың техникалық көмек жобасы болып табылады. Аталмыш жоба «Қазақстан Республикасының жергілікті дамуының саясатына қолдау көрсету» деп аталған ынтымақтастық бағдарламасының бір бөлігі саналады және 2011 жылы маусым айында Еуропалық Одақ пен Қазақстан Үкіметінің арасындағы қол қойылған қаржылық келісімге негізделген. Ұлттық және өңірлік деңгейде жүзеге асырылатын жобаның мақсаты облыстық әкімдіктердің мүмкіндіктері мен жауапкершілік аясын нығайту және жергілікті экономиканы дамыту арқылы өңірлердің дамуына үлес қосу болып табылады.
Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Қазақстанның өңірлік дамуы» Еуропалық Одағы жобасымен бірлескен семинар-тренингтер өткізді. Тренингтерді ЕО жобасының өңірлік дамуына инновацияларды енгізу жөніндегі сарапшысы Фиоренцо Сперотто мырза (Италия) жүргізді. Алғашқы өткен тренингте Ф.Сперотто «Аймақтық деңгейде инновацияларды дамыту және ынталандыру» тақырыбында аймақтарда инновацияны дамытуға қолдау түрлері, мүмкіндіктері, басымдықтары жөнінде талқылаулар жасады. Сондай-ақ «Эмилия-Романия (Италия) облысында инновацияларға және технологиялық трансферттерге арналған «АСТЕР» -Консорциумы» тақырыбында тұсаукесерін өткізді. Ал келесі семинар-тренингте «Инновациялық дамудың түрлі механизмдері. Инновациялық қорлар» тақырыбы қозғалды. Онда Инновацияны дамыту, Қызылорда қаласында технопаркті құру шарттары жөнінде мәселелер қамтылды. Семинарға қатысушылар сарапшыға сауалдар қойып, қажетті мағлұматтарын алып отырды. Фиоренцо Сперотто мырза Қазақстан мемлекетінің, оның ішінде Қызылорда облысының да экономиканы дамытуға ресурстары мен қуаты жеткілікті екенін атап өтті және жергілікті жерде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Ы.ТҰРЛЫҒҰЛОВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |