« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
«Еңбектің – наны тәтті». Бұл күндері Қазалыда еңбек дүбірі қыза түсті. Егіс танаптарынан естілген мотор үні бір сәтке де толастар емес. Ауа райының қолайлы кезеңін ұтырлы пайдаланған диқан қауымы ырзық-несібесін ысырапсыз жинап алуға тырысып бағуда. Аудан әкімі Бақыт Жахановтан бастап ат арқасындағы азаматтарды да алқап басынан жиі жолықтырасыз. Бұл түсінікті де. Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Ағымдағы жылы Қазалыда күріш дақылы 7435 гектар жерге егілді. Бүгінгі таңда 5150 га егістіктің суы тартылып болды. Яғни, орақ салуға дайын. Қалған бөліктегі суды қашыртқылау жуырда толық аяқталады. Бірақ, аудан көлемінде күріш орағына байланысты жұмыстар жоспарланған кестеден ауытқып жатқандай. Оның астарын күн қабағынан іздеген жөн. Дақыл кештеу пісіп-жетілді. Десе де, шаруашылықтар науқанға жаппай кірісіп кетті. Ору мен бастыру шаралары үйлестірілуде.
Диқаншылар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың игілігін татуда. Ел бюджетінен тыңайтқышқа, гербицидке, суармалы су құнын субсидиялауға қомақты қаржы бөлінді. Сонымен қатар, басты дақылдарға облыс әкімінің қаулысымен жаңадан белгіленген нормативпен қосымша ақша төленеді деп отыр. Егін жинауға қолда бар техника жұмылдырылды. Комбайн, жатка, трактор, жүк көліктері жөндеуден өтіп, міндеттерін атқаруда. Оған қоса тапсырыспен «Қазагро қаржы» АҚ-дан сатып алынған ауыл шаруашылығы техникалары толымды тірлік тындырып жатыр. Мемлекет тарапынан дала жұмыстарына босатылған арзандатылған дизель отынын шаруашылықтарға жеткізіп беруге операторлар бекітілген-ді. Бұл тұрғыда да кідіріс жоқ.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |