«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – БІРЛІК ТІЛІ»

Тіл қоғаммен бірге өсіп-өнеді, қалыптасып, дамиды. Тіл мәселесін шешуде қоғамдық ұйымдардың маңызы зор болмақ.

Барлық ұжымдарда бастауыш ұйымдар жұмыс істеуде. Жарнапұлдардан құралған қаржыға әртүрлі мәдени-көп­шілік іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылады. Бас­тауыш ұйымдар өз жоспарлары бойынша жұмыс жасайды. Сонымен қатар қоғам аудандағы мектептер және балабақшалармен бірігіп, түрлі шаралар өткізуде. Мәселен, осы жылдың ақпан айында Қазалы көліктік-техникалық колледж ұжымымен бірігіп, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Поэзия Хан тәңірі – Мұқағали» атты сазды кеш өткізілді. Сол айдың соңында ақын Мұхтар Шаханов шығармашылығына арналған байқау ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілдің жанашыры болған ақынның ән-жырлар байқауына алпысқа жуық талапкер қатысты. Олар ақынның жырларын мәнерлеп оқып, оның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Байқауда жеңіп шыққан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Қазіргі таңда барлық мектеп, балабақша ұжымдарында тілдер мерекесіне арналған таңертеңгіліктер, онкүндіктер, сайыстар мен кештер өтіп жатыр.

Ұлттар арасындағы достық пен сыйластық берік орнаған. Ауданда қазақ, орыс, корей, татар, өзбек, шешен, украин, әзірбайжан, башқұрт, неміс, молдован, грек, қырғыз, ұйғыр ұлтының өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Сондай-ақ, аудан халқының жекелеген этностары қатарында 20 басқа ұлт өкілі бар. Міне, осындай ынтымақтастықты, бірлікті, сыйластықты, татулықты, кеңпейілдікті және қонақжайлылықты ту еткен көпшілік арасында №16 орта мектеп ұжымымен «Ынтымағы жарасқан, туған елім Қазақстан!» атты үлкен мерекелік іс-шара өтті. Алдағы уақытта да аудандық қоғам мүшелері Елбасы алға қойған міндеттерді пәрменді түрде іске асыра отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейте беретін болады.

А.ТАМАШЕВ,

Қазалы аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.


ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 831 0