Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 19 қыркүйектегі бағамен ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
ҚОҒАМ
20 қыркүйек 2014 г.
977
0
Елбасының Жарлығымен қыркүйектің екінші аптасы Отбасы күні болып белгіленгені аян. Осыған орай Жаңақорған ауданындағы №86 орта мектепте апталық іс-шара жасалынып, соның аясында «Отбасы мен мектеп – тәрбие ошағы» тақырыбында ата-аналар мен мұғалімдер қатысқан басқосу болып өтті. Оған Шалқия кенті әкімшілігінен, ауылдағы ақсақалдар алқасынан, мешіттен өкілдер қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары А.Бижікеев өткен жылғы тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жасап, алдағы міндеттерге тоқталды.
ҚОҒАМ
20 қыркүйек 2014 г.
2 207
0
Облыстық соттың жалпы отырысында жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады.
АҚПАРАТ
20 қыркүйек 2014 г.
830
0
Облыстық ішкі істер департаментінде өткен семинарда Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер талқыланды. Семинар-кеңеске облыстық құқық қорғау органдары, прокуратура, сот жүйесі, сараптама орталығының қызметкерлері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Семинарды сөз сөйлеп ашқан департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Анарбаев аталған кодекстерге енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың маңызына тоқтала келіп, күн тәртібімен таныстырып өтті.
АҚПАРАТ
20 қыркүйек 2014 г.
879
0
Құрбысы көп те теңі жоқ қайталанбас Құттыбаймен мен бала кезден таныс болатынмын. Біздің таныстығымызға оның "Торы” деген әңгімесі себепші болған еді. Бертін келе қаламдас та болдық, тоқырау кезінде тұрмыс тауқыметін тартқан тағдырлас та болдық. Атам қазақ "Адам адамды бірге жүргенде таниды екен” деп бекер айтпаған ғой. Бірге жүріп тұз-дәмдес болғанда Құттыбайдың өзгелерден оқ бойы оза шауып жүрген жүрісінің куәсі болдым.
ТАҒЫЛЫМ
20 қыркүйек 2014 г.
1 264
0
Әлем тарихында алғаш рет дүниені дүр сілкіндіріп 1418 күнге созылған сұрапыл соғыс миллиондаған жазықсыз жандарға ажал құштырды. Қаншама жас қыршынынан қиылды, қаншама жан аңырап қалды. Жарықтық Жер-Ана Қасіреттен қабырғасы сөгіліп, қан жылап теңселіп кетті. Омыртқасы бекімеген бозбала «Отан үшін!» деп қара тажалға қасқая қарсы ұмтылды. Сол ұрыс даласында ұрандаған ұлы адамдар әкелерге деген ұрпақ парызының шегі де, шектеуі де жоқ.
ТАҒЫЛЫМ
20 қыркүйек 2014 г.
1 358
0
Қазақстан интеллигенциясы, яғни қазақтың зиялы қауымы ақын-жыраулары шешен-билері, абыздары дәстүрлі қазақ қоғамының алғашқы өкілдері болды. Қазіргі кезеңде көптеген сөздіктерде интеллигенция дегенде мамандығы бойынша ой еңбегімен айналысатын адамдарды айтады. 1917 жылғы революция қарсаңында осындай қазақ интелигенциясының өкілдері қазақ даласынан шығып Ресей оқу орындарында оқып, қызмет істеп, саяси жұмысқа белсене араласа бастады. Сөйтіп ХХ ғасырдың басында ой өрісі батыстан кем түспейтін, елінің, халқының жанашырлары жаңа толқындағы қазақ интеллигенциясы қалыптасты.
ТАНЫМ
20 қыркүйек 2014 г.
3 017
0
Қызылорда қаласындағы №21 сайлау округінен облыстық мәслихатқа депутаттыққа сайланған "ҚазГерМұнай» БК” ЖШС бас директоры Медет Кәрім өзінің сайлауалды бағдарламасын орындауға ерекше мән беріп келеді. Соның нәтижесінде облыс орталығындағы "Шұғыла” шағын ауданында орын тепкен №7, 187, 235 мектептердің аумақтарында спорттық алаңдар салынып, жас жеткіншектердің көзайымына айналды.
ҚОҒАМ
20 қыркүйек 2014 г.
840
0
Жергілікті өңірде мұнай өндіру ісімен айналысатын «ҚазГерМұнай БК» ЖШС аймақтың көркейту-көгалдандыру жобаларына белсенді түрде атсалысып келеді. Қуаныштысы, серіктестік бұл игі істерін жақсы дәстүрге айналдырып, өздерінің негізгі міндетінің бірі ретінде санайды. Қысқасын айтқанда, мұндай шараларды олар компанияның брендтік жұмысы деп бағалайды.
ҚОҒАМ
20 қыркүйек 2014 г.
979
0
Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Туған жер» қоғамдық қозғалысы қауымдастығының ұйымдастыруымен «Даму» кәсіпкерлік орталығының залында «Сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді біртұтас саясат жүргізу» тақырыбында онлайн-конференция өткізілді.
АҚПАРАТ
20 қыркүйек 2014 г.
1 027
0