« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Облыстық ішкі істер департаментінде өткен семинарда Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер талқыланды. Семинар-кеңеске облыстық құқық қорғау органдары, прокуратура, сот жүйесі, сараптама орталығының қызметкерлері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинарды сөз сөйлеп ашқан департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Анарбаев аталған кодекстерге енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың маңызына тоқтала келіп, күн тәртібімен таныстырып өтті.
Бұдан соң мінберге көтерілген Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті "Құқықтану” кафедрасының аға оқытушысы Мақсұт Қошманов кодекстерге өзгерістер енгізілуіне орай құқық қорғау саласында еліміздің халықаралық стандартқа жауап беру мәселесін сөз етсе, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Оңдасын Көмекбаев қылмыстық-процестік кодекстің 30-тарауында қаралған жасырын тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру іс-шараларының жүргізілу тәртібі және сотқа дейінгі тергеп-жүргізу кезінде "Жедел іздестіру қызметі туралы” ҚР Заңын қолдануға тыйым салған өзгеріс жайлы баяндап берді.
Сондай-ақ жаңадан редакцияланған кодекстердің сот жүйесінде алатын орны жайлы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы судьясы, заң ғылымдарының кандидаты Аманкелді Қожаниязов, қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстердің енгізілуіне орай құқық қорғау органдары мен сот жүйесі арасында пайда болатын процестік жаңа қатынастар турасында Қызылорда қалалық №2 соты төрағасының міндетін атқарушы Абдуллажан Сайдуллаев, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізудің жалпы шарттары және оны жүргізу кезінде прокуратура органының, оның ішінде процесс прокурорының өкілеттігі жайлы қала прокурорының аға көмекшісі Жандос Жүсіпов баяндама жасады.
Түскі үзілістен кейін жаңадан редакцияланған кодекстерде сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілеттіктері жайлы облыс бойынша сот-сараптама институты мамандары мен "Тұтынушылардың құқығын қорғау” қоғамдық бірлестігі өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |