« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасының Жарлығымен қыркүйектің екінші аптасы Отбасы күні болып белгіленгені аян. Осыған орай Жаңақорған ауданындағы №86 орта мектепте апталық іс-шара жасалынып, соның аясында «Отбасы мен мектеп – тәрбие ошағы» тақырыбында ата-аналар мен мұғалімдер қатысқан басқосу болып өтті. Оған Шалқия кенті әкімшілігінен, ауылдағы ақсақалдар алқасынан, мешіттен өкілдер қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары А.Бижікеев өткен жылғы тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жасап, алдағы міндеттерге тоқталды.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алудағы мектеп пен ата-ана арасындағы байланыстың рөлі мен маңызы ерекше. Жастар мен жасөспірімдер тәрбиесіне негізінен балаларға түнгі мезгілде отбасынан қадағалаудың аз болатыны, кей ата-ананың өз баласына сөзін өткізе алмауы, жасөспірімдердің шеттен келген әдепсіз, ұлтқа жат қылықты фильмдерді, интернет ақпараттарын еркін пайдалануы секілді фактор әсер етеді. «Мың жылдығыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле» деген ұлағатты даналық жасөспірімдерді алдағы уақытта бірігіп тәрбиелеуді көздейді. Ата-аналар кеңесінің төрайымы А.Әшімова кеңестің атқарған жұмыстарын айта келіп, бала тәрбиесі жайлы өз пікірін білдірді. Кент әкімшілігінен келген бас маман Р.Шайхаттарова барлық отбасын мерекемен құттықтап, ұрпақ тәрбиесі ортақ міндет екенін жеткізді. Ал учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Б.Әбжалов ата-ана жауапкершілігін саралай келіп, мектеп мұғалімдері мен кенттегі «Әкелер одағының» атқарған жұмыстарына тоқталды. Жиналысқа қатысқан өзге ата-аналар мен мұғалімдер де бала тәрбиесі жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Апталық барысында барлық сыныптарда «Отбасы және мектеп» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Олардың соңы спорттық, мәдени-көпшілік іс-шараларға ұласты.
Г.РЕЙМБЕРГЕН.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |