АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 19 қыркүйектегі бағамен ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.

 

Қызылорда қаласы. «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде І сортты бидай ұны – 54, қант – 130, ет – 950, тауық еті – 395, бөлке нан – 35, картоп – 80, жуа – 110, сәбіз – 110, қырыққабат – 45, қызылша – 80, карақұмық – 145, арпа жармасы – 90, сұлы жармасы 135 теңгеден сатылуда.

«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 70, жуа – 70, сәбіз – 75, қызылша – 85, қырыққабат 75 теңгеден сатылып жатыр.

Арал ауданы. Арал қаласының «Қанағат» базарының жанынан ашылған әлеуметтік орында қант – 190, ал, жеке кәсіпкер Н.Сапарбаевтың дүкенінде картоп – 65, жуа – 80, сәбіз – 100, қырыққабат – 80, өсімдік майының 1 литрі 230 теңгеден сатылуда.

Қазалы ауданы. «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда орындарында жұмыртқа – 18, картоп – 65, жуа – 70, қырыққабат – 70, сәбіз – 100, өсімдік майы 240-250 теңгеден сатылуда.

Қармақшы ауданы. «Бибінұр» базары мен «Жандос» дүкенінде картоп – 80, сәбіз – 100, жуа –70, капуста 70 теңгеден сатылып жатыр. ЖК «Ешмұратов», ЖК«Жаппасбаев» дүкендерінде І сортты бидай ұны 56 теңгеден сатылып жатыр.

Жалағаш ауданы. «Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінен І сортты бидай ұнын – 57, жұмыртқа – 18, өсімдік майын – 230-240, жуаны – 90, сәбіз – 100, қырыққабатты 80 теңгеден алуға болады. Сондай-ақ, «Әділет» базарында ет 1200 теңгеден сатылуда.

Сырдария ауданы. «Серікбол» дүкенінде картоп – 70, сәбіз – 100, қырыққабат – 65, жуа – 70, қант – 170-180 теңге. «Коммуналдық» базарында жұмыртқа 18 теңгеден сатылуда.

Шиелі ауданы. «Ә.Шорабаев», базарында картоп – 65, жуа – 60, сәбіз – 90, қырыққабат – 60, жұмыртқаның 10 данасын 170 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұны 57 теңгеден сатылып жатыр.

Жаңақорған ауданы. «Мағжан», «Заңғар» және «Нұрасыл» дүкендерінде картоп – 70, жуа – 60, қырыққабат – 70, сәбіз – 90, жұмыртқа 17 теңге, І сортты бидай ұны 57 теңгеден сатылса, сондай-ақ «Нұр» базарында еттің бағасы 1100 теңгеден сатылуда.


ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 941 0