Қызылордада жас дарынды футболшыларды қолдау мақсатында «Байқоңыр» командасы құрылған болатын. Құттыбай Досманбетов баптайтын команданың алдына Бірінші лигаға жолдама алу міндеті қойылды.
ДОДА
20 қыркүйек 2014 г.
1 136
0
Кәсіпорынның негізгі мақсаты – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және зертханалық зерттеулер мен өлшемдер тұрғысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
ҚОҒАМ
20 қыркүйек 2014 г.
834
0
Атамыз қазақ осындай жарасымды тіршілікті көрген сәтте «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген тәмсілін тілге тиек етіп, береке дарыған шаңырақ шаттығын әспеттей білді. Расында да, бұл тәмсілдің қаншама дәуір өтсе де, өз мәнін жоғалта қоймағанын айқын аңғарамыз. Бүгінгі таңда елімізде жарасымды тіршілікте өмір сүріп жатқан отбасыларды дәріптеу бағытында оң үрдіс қолға алынып келеді. Қашаннан да қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінде ондай отбасылар саны жетіп артылады.
ҚОҒАМ
20 қыркүйек 2014 г.
1 151
0
Қазақстанның кәсіби және өзге мерекелер тізімі жаңа мереке – Еңбек күнімен толықты. Елбасы Н.Назарбаетың Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні болып жарияланғаны белгілі. Биыл бұл мереке алғаш рет тойланғалы отыр. Осыған орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аманжол Алдажаровпен әңгімелескен болатынбыз.
ҚОҒАМ
20 қыркүйек 2014 г.
4 215
0
Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын құру негізінде Елбасы Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі "Еңбек күні” болып жарияланды. Мұнда еңбек адамының беделін көтеру, жұмысшылар әулетінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту, жастарды өндіріс салаларына мейлінше тарту мақсат етіп қойылған. Біз осыған орай еңбекшілер мүддесін қорғау шаралары жөнінде Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаевпен сұхбаттасқан едік.
ҚОҒАМ
20 қыркүйек 2014 г.
814
0
Тіл қоғаммен бірге өсіп-өнеді, қалыптасып, дамиды. Тіл мәселесін шешуде қоғамдық ұйымдардың маңызы зор болмақ.
ҚОҒАМ
20 қыркүйек 2014 г.
861
0
Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай аймағымызда түрлі іс-шаралар жоспары жасалып, онкүндік жарияланған болатын. Осы негізде облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да "Мәңгілік ел – мәңгілік тіл” тақырыбында флэш-моб болып өтті. Оған "Нұр Отан” партиясы қалалық филиалының өкілдері, "Жас Отан” жастар қанатының жанынан құрылған "Таза тіл” жастар тобы мүшелері және белсенді жастар ұйымының жетекшілері, аталған мекеме қызметкерлері қатысты. Шараны облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ә.Жарылқағанов ашып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, аталмыш мерекеге орай облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесе отырып, балабақшаларда, орта және жоғары оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, отандастарымыздың ана тілін жоғары бағалап және отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Жиын барысында жастар тіл жайында арнаулар оқып, сахналық көріністер көрсетіп және патриоттық әндер шырқады. Шара соңында ұйымдастырушылар жастарды ана тілін құрметтеуге, тіл саясатын жүйелі арттыруға өзіндік үлес қосуға және тіл тазалығын берік ұстануға шақырды. Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
ҚОҒАМ
20 қыркүйек 2014 г.
944
0
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V Заңы қабылданды.
АҚПАРАТ
20 қыркүйек 2014 г.
1 275
0
Өткен жылы елімізде «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы бастау алған болатын. Бұл ҚР Үкіметінің өңірлік даму саласындағы саясатын жүзеге асыруда консультативтік, заңнамалық, стратегиялық және институционалдық технологиялармен қолдау көрсететін Еуропалық Одақтың техникалық көмек жобасы болып табылады.
АҚПАРАТ
20 қыркүйек 2014 г.
1 015
0
«Еңбектің – наны тәтті». Бұл күндері Қазалыда еңбек дүбірі қыза түсті. Егіс танаптарынан естілген мотор үні бір сәтке де толастар емес. Ауа райының қолайлы кезеңін ұтырлы пайдаланған диқан қауымы ырзық-несібесін ысырапсыз жинап алуға тырысып бағуда. Аудан әкімі Бақыт Жахановтан бастап ат арқасындағы азаматтарды да алқап басынан жиі жолықтырасыз. Бұл түсінікті де. Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
АҚПАРАТ
20 қыркүйек 2014 г.
764
0