Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақтың кең даласындағы қасиетті орындардың бірі Ұлытау өңірінде, Әулиебұлақтың басында «Хабар» агенттігінің тілшісіне сұхбат берді. Керемет табиғат аясындағы сұхбат барысында Елбасымыздың көңіл түкпіріндегі ойларымен ағынан жарыла халқымен бөліскендігінің куәсі болдық. Қазақ халқының армандаған асқақ биігі тәуелсіздігіміздің оңай келмегендігін, тәуелсіздік жолында бабаларымыздың қаншалықты қиыншылықтарға қарамастан, әлеуметтік-рухани болмыстық сипатын сақтап қалғандығын өскелең ұрпақтың жадында сақтау керек екендігін айрықша атап өтті.
ҚОҒАМ
06 қыркүйек 2014 г.
987
0
Егіншілік саласында өзіндік дәстүрі бар Шиелі ауданында аптаның жұмасы күні биылғы күріш орағы басталды. Үстіміздегі жылы аудан диқандары 24 мың гектардың үстінде екпелі дақылдарды орналастырса, оның 8600 гектары күріш алқабы. Осындағы ірі шаруашылық құрылымдарының бірі – «Төңкеріс» шаруа қожалығы мың гектарға таяу Сыр маржанын орналастырса, соның №1 бригадасы 430 гектар күрішке иелік етуде. Осы Бауыржан Көпеев басшылық жасайтын бригаданың озат механизаторлары жаткашы – Еркебұлан Әбілпанов, Қайрат Жақсылықов және Мархаббат Әзизов, Әділ Шәріп аудандағы алғашқы күріш орағын бастады.
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
1 168
0
Облыстық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына сай облыстан ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың облыс мәслихаттарының депутаттарымен (таңдаушылармен) кездесу кестесін төмендегідей тәртіппенжариялайды: Арал ауданында – 13.09.2014 ж., сағат 9.00-де аудандық мәдениет үйінде, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, №115 үй;
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
768
0
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің мәжілісінде өңірдің 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыға түсті. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі туралы баяндады.
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
741
0
2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыс бюджетінің кірісі 152,3 млрд. теңгені құрады. Бұл жоспарланған болжамның 109,1 пайызын құрайды. Соның ішінде республикалық бюджеттен алынатын трансферттер мен несиелерді есептемегенде облыс бюджетінің өз табысы 47,5 млрд. теңге болды. Тіпті өткен жылдың тиісті кезңімен салыстырғанда табыс жинау көлемі 2,5 еседен астам немесе 12,1 млрд. теңгеге өсті. Бұл аймақтың маңызды әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал жасауда.
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
780
0
Бейсенбі күні Т.Жүргенов атындағы Шығармашылық үйінде «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған кезекті брифинг болып өтті. Бұл жолы 5-шақырылған облыстық мәлихаттың атқарған жұмысы жайлы облыстық мәслихаттың хатшысы Бекмырза Еламанов журналистерге айтып берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / БИЛІК
06 қыркүйек 2014 г.
879
0
Облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтің төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінде білім беру ұйымдарының 2014-2015 жаңа оқу жылына дайындық кезеңіндегі заңдылықтың сақталуы сөз болды. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуын болдырмау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардың тиімділігі мен мақсаттылығы, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың бұл бағыттағы қызметінде заңдылықтың қолданылу жағдайы және басқа да проблемалық мәселелер талқыланды.
ҚОҒАМ
06 қыркүйек 2014 г.
960
0
Бүгіндері жетпістің бесеуіне келген, философия ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеттің құрметті профессорыАмангелді Әбдірахманұлы Айталыазаматтығы ғалымдығын айқындаған көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Ол сонау студенттік кезден ұлтаралық қатынастар проблемаларымен жүйелі айналысып, 1968 жылы диссертация қорғап, философия ғылымдарының кандидаты, 1988 жылы Мәскеуде философия ғылымдарының докторы болды. Осы тақырыптағы алғашқы сүбелі еңбегі «Ұлттану» атты оқулығынан бастап А.Ә. Айталы «Ұлт мұраты: депутат көзқарасы» (2003ж.), «Байсалды ел байқаусыз қате жібермес» (2008ж.), «Қазақты намысы қамшыласын» (2009ж.), «Ұлт пен дін – тәуелсіздік арқауы, Нация и религия – основы независимости» (2013 ж.) атты кітаптарында ұлт және ұлтаралық қатынас мәселесін тұрақты әрі жан-жақты зерттеп келеді.
ҚОҒАМ
06 қыркүйек 2014 г.
1 102
0
Сіздерді 10-14 қыркүйек аралығында өтетін Сыр елінің тумасы, қазақ өнерінің асыл анасы Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған Қазақстан театрларының XXII республикалық фестиваліне шақырамыз!
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
1 276
0
Сәбира апай шуағы мол жан еді. Менің шешеме ұқсайтын... Адамды өзіне тартып тұратын, ешкімді жатырқамайтын. 1979 жылы Қызылорда театры есепті гастрольмен Алматыға барды. Гастроль шымылдығын М.Әуезовтiң «Түнгі сарын» драмасымен ашқан болатынбыз. Ертеңіне «Социалистік Қазақстан» газетіне «Талассыз табыс» тақырыбымен Қазақстанның халық артисі Серке Қожамқұлов пен КСРО халық артисі Сәбира Майқанованың сұхбаты шықты. Онда С.Майқанова «Жерлестерімнің гастрольдік жарнамасынан М.Әуезовтің «Түнгі сарынын» оқығанымда театрдың творчестволық батылдығына іштей қол соққан болатынмын. Бұл өзі қойылымға қиын, қатпар-қыртысы көп, күрделі дүние. «Түнгі сарын» Мұхаңның басқа шығармаларынан бітімі бүтіндей дерлік бөлек драма. Тартысының өрбуі де, кейіпкерлердің сөйлеу мәнері де, бірнеше тағдырды желілей жүргізуі де тарихи-революциялық тақырыпты көркемдікпен игеру талаптарына сай жаңаша шешілген бұл туындыны «Қаракөз», «Еңлік-Кебектің» кілтімен аша алмайсыз, – депті.
ТАҒЫЛЫМ
06 қыркүйек 2014 г.
1 598
0